Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
НҰРМҰХАМЕД ДОСЫБАЕВ: БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІН МИНИСТРЛІК ҚҰРАМЫНАН ШЫҒАРУ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » НҰРМҰХАМЕД ДОСЫБАЕВ: БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІН МИНИСТРЛІК ҚҰРАМЫНАН ШЫҒАРУ КЕРЕК

НҰРМҰХАМЕД ДОСЫБАЕВ: БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІН МИНИСТРЛІК ҚҰРАМЫНАН ШЫҒАРУ КЕРЕК

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетін ҚР Білім және ғылым министрлігі құрамынан шығару керек. Мұндай ұсынысты Astana Garden School мектебінің негізін қалаушы Нұрмұхамед Досыбаев ADAL BILIM алаңында айтты.
Спикердің айтуынша, менеджмент қағидасында білім саласының сапалы болуы үшін міндеттердің орындалуы мен оларды қадағалау жұмысы маңызды рөл атқарады. Осыған орай Нұрмұхамед Досыбаев елімізде аталған мәселені шешудің жолын ұсынды.
«Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетін министрліктің құрамынан шығару керек. Тіпті Үкіметтің құрамынан шығарса да артық болмайды. Сол кезде еліміздегі барлық мектептің сапасын тәуелсіз бақылай аламыз. Мысалы Англияда мұндай мекеме – мемлекеттік емес, қоғамдық орган, бірақ мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Себебі ол министрлікке бағышынты болса, тиімді жұмыс істемейді», – дейді спикер.
Сондай-ақ, Astana Garden School мектебінің негізін қалаушысы мектептегі менеджменттің әлсіз болуына кооперативті басқару қағидаларының болмауы да себеп болатынын алға тартты. Қазақстанда директорларды академиялық тұрғыда дайындағанымен, менеджер болуға үйретпейтінін айтады. Эфир барысында спикер халықаралық тәжірибеде директорлар мен қамқоршылық кеңестің жұмысы қалай жүргізілетіні туралы сөз қозғады.
«Мектепте директор атқарушы органның басшысы болып саналады. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мектепте басқарушы және орындаушы орган бар. Шетелдік мемлекеттік мектептерде басқарушы орган – қамқоршылық кеңес. Бізде басқарушы орган – білім басқармасы. Яғни,  елімізде қамқоршылық кеңестің әлі де құзыреттілігі жоқ. Англияда мектеп директоры тоқсан сайын қамқоршылық кеңестің алдында есеп береді. Ал біздің қамқоршылық кеңестің құрамы да нашар. Олардың құрамына сапалы менеджерлер кіріп, үш комитет жұмыс істеуі керек: аудит және тәуекелдерді басқару комитеті, стратегиялық даму жөніндегі комитет, мамандармен жұмыс және оларды ынталандыру бойынша комитет. Қамқоршылық кеңестің құрамындағы адамдар осылардың бәріне мән беріп, тегін қызмет етуі қажет. Олай жұмыс жасауы үшін Білім және ғылым министрлігінен сондай бағыт-бағдар беретін құжат жүзінде дайындалып, қаржы бөлінуі тиіс»,- деді Нұрмұхамед Досыбаев.
ҚР БҒМ ADAL BILIM ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...