Әлемдегі 256 ұлттың 130-дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. «Nur Otan» партиясынаың КВАССИНГ тақырыбында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Хомрокул Очиловтың шаңырағында болып аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер Саржанова Гульмира, Убайдина Гулжан, Шүкірбаева Ғазиза үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Хомрокул ағамыз «Біз Қазақстандықтармыз! Елімізде бейбітшілік, әр адамға жағдай жасалған. Еңбек етіп мақсаттарымыз бен жетістіктерімізге жетіп жатырмыз» – деп өз ойымен бөлісті. Ауылдағы ауыз су мәселесін көтеріп, «Nur Otan» партиясына ықпал жасауын сұрады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында мына жұмыстарды жоспарлап отыр:
✅ Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға;
✅2023 жылға дейін 3 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді, оның ішінде:
✅2022 жылы Ж.Ералиев ауылдық округі, Жазықсай ауылында 1,0 шақырым, Мақталы ауылдық округі, Жайлаукөл ауылында 1,5 шақырым;
✅2023 жылы Ж.Ералиев ауылдық округі, Жамбыл ауылында 1,6 шақырым.
Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.
#nurotan
#ГульмираСаржанова