МУТАЦИЯ БРИТАНДЫҚТАРДЫ ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлемде, Әлеумет
26/12/2020
10 Views
Ұлыбританияда коронавирустың SARS-CoV-2 жаңа штамы қыркүйек айында табылған болатын, бірақ қазір ғана бұл жаңалықтың қаншалықты маңызға ие екендігі анықталып отыр. Ресми түрде нәтижесі басқа да мемлекеттеріне де таралып үлгеріпті. Жаңа штамм бүгіннің өзінде Дания мен Нидерландыда N150Y деп атауға ие болған бұл мутацияның адамдар арасында әдеттегі короновирусқа қарағанда жұқпалы болып, 70 пайызға жылдам тарайтыны белгілі болды. Қазіргі уақытта дейін инфекцияның осы штамммен мыңға жуық адамның ауырғаны анықталды-деп хабарлайды Lenta.ru
Ғалымдар N150Y штаммы қауіпті емес және қарапайым инфекциядан асқыну тудырмайды деп болжағандарымен оның ковидке қарсы егіліп жатқан вакцинаға қалай әсер ететіні нақты анықтай анықтай алған жоқ. Сол жағы көптеген сарапшыларды алаңдатып отыр. Бұл алаңдаушылыққа «короновирустан әлем бойынша 15 миллионға дейін адамның қайтыс болады»-деген хабар да қосылып, жұртшылықтың алаңдатуын туындатуда. Королдіктің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елдің Премьер-министрі Борис Джонсон Британия астанасындағы эпидемия бақылаудан шыққанын және жаңа шектеулер қажет екенін жариялағаннан кейін, қаланың автокөлік жолдары мен теміржол вокзалдары және әуежайларында толып кеткен азаматтарды өздерін «мүлдем жауапсыз» ұстады деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ билік Рождество алдындағы және одан кейінгі бес күндегі шектеулерді – үш үйден аспайтын компанияларға мерекеге жиналуға рұқсат беру үшін босатуды жоспарлар болғанын, алайда енді бұл жоспарлардың жойылғанын баяндады.Қазірде Ұлыбританияда 16 миллионнан астам адам толық оқшаулау режимінде болса, Мэтт Хэнкок үкімет бұл шешімді кеңейтіп, егер өте қажет болмаса, өткен аптада басталған вакциналар нәтиже бергенге дейін халықтың үштен бірінен көбін үйден шықпауына тыйым сала алады деп ескертті.Ұлыбритания билігі өз азаматтарын эпидемия кезінде сапарға шықпауға белсенді түрде шақырғанымен, жаңа штамм әлемнің, сондай-ақ Австралия мен Оңтүстік Африкада да табылып отыр. Голландия үкіметі қатердің алдын алу үшін жаңа штаммның таралуын зерттеу мақсатында жақын күндері ЕО-ға мүше басқа елдермен жұмыс істей бастайтынын сонымен қатар, ел 1 қаңтарға дейін Ұлыбританиямен рейстерді жапқанын жария етті.
Өз халқын жаңа қатерден сақтау үшін әлемнің басқа да елдері Ұлыбританиямен арадағы көлік байланысын жабуды ойластыруда. Бельгия премьер-министрі Александр де Крос екі ел арасындағы әуе қозғалысына да, теміржол өткелдеріне де тыйым салынатынын айтты, Сондай-ақ, бельгиялықтар Франциямен Англиядан Бельгияға Арналық туннель арқылы өтетін пойыздарға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Ал, Италияның Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майоның «Біздің басымдық – азаматтарымызды қорғау», – дей отырып, оның елі Ұлыбританияға және одан ұшатын рейстерді тоқтатуды да жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Неміс билігі Британиядан ұшатын рейстерге тыйым салу туралы да ойланса, бұл штаммның Еуропаның 8 елінде анықталғанын естіген ел басшысы – канцлер Ангела Меркель тіпті бүкіл Еуропалық Одақты Ұлыбританиядан келетін ұшақтарға жапқысы келетінін БАҚ жарыса жазуда.
Серік ДОСЫМОВ, Алматы.
16 миллионнан астам адам N150Y Мэтт Хэнкок Премьер-министрі Борис Джонсон 2020-12-26