Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҮЗІЛМЕЙДІ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҮЗІЛМЕЙДІ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

ҮЗІЛМЕЙДІ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, барша адам баласына осындай баға жетпес сыйды сыйлайтын ең қымбат адамдар, әрине туған ата-атаң. Қолыма қалам алуға бірден-бір себеп, менің ғана емес, бүкіл қазақ еліне ерен еңбегі сіңген «Тыл ардагері» жайлы болмақ. Яғни, мақтана-марқайып ауыз толтырып айта алатын өз әкем Мамрет Ералыұлы туралы баяндамақпын.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылда еңбек еткен азаматтар өздерінің ерен еңбектерімен, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске орасан зор үлестерін қосты. «Барлығы да майдан үшін», «Барлығы да Жеңіс үшін»  деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды.
Солардың бірі – әкем «Тыл ардагері»  Иманберді Мамрет Ералыұлы. Ол 1934 жылы 16-шы қыркүйекте Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» колхозында шаруа отбасында дүниеге келді. Жастайынан асқан жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында жас та болса елеулі жұмыстарды атқарды. Әкем жеті жасынан колхоздың малын бағып, ат-арбамен егістік алқаптарда жұмыс істеп жатқан колхоздың тракторларына қажетті жанар-жағармай мен су және қосалқы бөлшектерді тасыған. Ал кейіннен колхоздың аттарын баптап, егіс алқаптарында егіс егу мен өнім жинау жұмыстарына белсене араласып, ауылының дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосады.
Ер жетіп буыны қатайып, ат жалын тартқан кезінде көкпар аттарын баптап, сонымен нағыз қазаққа тән палуандығымен көкпар шауып, аудан тұрғындарының  құрметіне бөленді десем артық айтқандық емес.
Ол соғыс жылдарында атқарған өз қызметіне байланысты «Тыл ардагері» атағын алды. Ұлы Жеңістің 75 және 80-жылдығына орай арналған мерейтойлық медалдарымен марапатталды. Әкем Мамрет пен анам Қанаткүл 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, оларды құнтты мекендеріне қондырған бақытты жандар. Бүгінгі таңда 31 немере, 45 шөберенің ардақты ата-әжесі.
Менің айтарым қолда барда алтын жандардың яғни ата-анамыздың қадірін білгеніміз жөн. Адамдар, негізінен бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білге адам ғана өмірдің шын рахатын сезінеді деп санаймын.
Пердебай ИМАНБЕРДИЕВ,
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...