Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ТӘРБИЕ ОШАҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ТӘРБИЕ ОШАҒЫ

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ТӘРБИЕ ОШАҒЫ

Халыққа үлгілі әрі сапалы мәдени-рухани қызмет көрсету – өмір талабы. Осы орайда, «Мақтаарал» мәдениет үйі МКҚК қандай жұмыстар атқарылуда? Мәдени-көпшілік іс-шаралардың өткізілу деңгейі қандай? Біз осы тақырып бойынша аталмыш мәдениет үйінің директоры Серғазы Жарқынбайұлы БАЙДУЛЛАЕВПЕН әңгімелескен едік.
Серғазы Жарқынбайұлы, ауыл мәдениетін дамытып өркендету, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру бағытында қандай жұмыстар жүзеге асты?
– Біздер ең алдымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды негізге ала отырып, мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға күш салудамыз. ҚР «Мәдениет туралы» заңының талаптарына сай халыққа мәдени-тынығу қызметін көрсетуде тың серпін, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау – басты міндетіміз. Сондай-ақ, ауданымызда халықтың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы іс-шаралар жоспарын түздік. Атаулы  мерекелерді, концерттерді, ауқымды бұқаралық мәдени іс-шараларды, семинар-кеңестерді жүйелі ұйымдастырып келеміз. Талантты өнер шеберлерін және жас орындаушыларды анықтау, аудандық, облыстық байқауларға, фестивальдерге дарынды өнерпаздар мен ұжымдарды қатыстыра отырып, сол арқылы  жаңа есімдер мен үздік ұжымдарды халыққа таныту, олардың өнерін насихаттау ұдайы назарымызда. Елімізге белгілі өнер қайраткерлерінің шығармашылық кештері мен еске алу кештерін өткізуді де жоспарлап отырмыз.
– «Мақтаарал» мәдениет үйі МКҚК-не қарасты мәдениет ошақтарының қазіргі жай-күйі қалай?
– Ауданда 8 мәдениет ошағы бар. Оның ішінде 6-ауы типтік, 2 мәдениет ошағы бейімделген. 2 мәдениет ошағы (Бірлік ауылдық округінде Алғабас ауылдық мәдениет үйі, Иіржар ауылдық округінде Дихан ауылдық клубы) күрделі жөндеуді талап етеді. Биылғы жылы 1 мәдениет ошағының (Бірлік а/о, Алғабас ауылдық мәдениет үйі) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, ЖСҚ дайындалды. 7 мәдениет ошағы музыкалық аппаратурамен қамтамасыз етілген. Мәдениет ошақтарында 41 үйірме жұмыс істейді. Соның ішінде, аудандық мәдениет үйінде 7 үйірме бар. Мәдениет үйінде 2020 жылы 403 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде аудандық мәдениет үйінде – 80, ауылдық мәдениет үйлерінде – 210, клубтарда – 113 іс-шара өтті. Сегіз мәдениет нысандарының 1-еуі газбен, 4-еуі орталық жылу жүйесімен, 3-еуі пешпен жылытылады.
Халыққа мәдени-қызмет көрсету мақсатында ауданда қандай мазмұнды іс-шаралар өткізілді?
– «Мақтаарал» мәдениет үйінің ұжымы халыққа мәдени-рухани қызмет көрсету, жергілікті тұрғындардың мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жұмыс істеп келеді. Жыл басынан бері түрлі байқаулар, конкурстар, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, аудан көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралар ауқымды, мазмұнды өтуде. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Әнім саған, Мақтарал!», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен-2020» ән байқаулары ұйымдастырылды.
Ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай онлайн тақырыптық кеш, Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай Абайдың қара сөздерін мен өлеңдерін жатқа айту бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше байқаулар ұйымдастырылды. «Ізгілік иірімі» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық концерті және Жастар жылына орай «Арай-2020» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің аудандық байқауы өтті. Сонымен қатар, атаулы мерекелік күндерге орай Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақ еліне мың алғыс!» атты Алғыс айту күніне арналған мәдени іс-шара, 1 сәуір – Күлкі күніне орай «Қалжың қалта» онлайн әзіл сықақ кеші, «Қоңыраулы қошақан» онлайн балалар ән-би байқауы, «Халық әні – ұлтымның жаны» халық әндері мен дәстүрлі әндер орындаушылардың онлайн байқауы, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты онлайн концерт, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіс туы желбіре!» атты онлайн патриоттық әндер концерті, домбырашылар күніне орай «Күмбірле, киелі домбыра!» және Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты жас әншілер мен күйшілердің онлайн байқауы да өтті. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға «Біз біргеміз» атты концерттік бағдарламамызды ұсындық.
Сонымен қатар, әншілеріміз А.Мейірбекова, Ж.Әлмешова, А.С.Каландаров, С.Тұңғатарова, А.Боранбаев, Б.Жанту, Р.Жанайдаров, Р.Мұратова, Ж.Сайфудинов, Н.Жалилов, Ә.Құлахметов, М.Әуезова, Д.Тәжібаева, Б.Қазыбеков, М.Қарсыбай, Н.Әшірбай, С.Баитовалардың онлайн шығармашылық ән кештері жүйелі өтіп тұрды.
Мәдениет үйінде кездесу кештерін де ұйымбастырып отырдық.  Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының маманы, режиссер, продюсер М.Алиакбаров, жерлесіміз, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Б.Әшірбаев, жайдарманшы, «Сырдария» құрамасының капитаны М.Сәрсенбаев, эстрада жұлдызы, жерлесіміз А.Абдулла, қазақ эстрадасының жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ж.Жексенұлы,  республикаға танымал журналист, жазушы, жерлесіміз С.Сыбанбай, айтыскер ақын, сазгер М.Құралов, Елбасының сыныптасы Р.Төлемісовалармен сыр-сұхбат ұйымдастырылды.
Сонымен қатар біздің мақтааралдық әншілер мен өнерпаздарымыз облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындардан көрініп, ауданымыздың мерейін арттыруда.
– Әңгімеңізге рахмет! 
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...