Қазіргі кезде еліміздің экономикалық-әлеуметтік саласында жүргізіліп жатқан реформалар білім беру саласын да кеңінен қамтып келеді. Отандық білім жүйесінде мемлекеттің ұстанған саясатының ауқымы кеңіп, білім беруді жаңғырту, жаңарту талабына сай оқыту үрдісін технологияландыру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде.
Негізгі мақсаты – білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып, білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған «мендік» пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу болып табылатын Жетісай ауданы ұстаздарының еңбегі ақталуда.
Сөзіміздің бір дәлелі ретінде «Зерде» балалар шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысын айтуға болады. жалпы білім беру мекемелерінің 2 – 7 сынып оқушылары арасында өткен білім додасында Мұратова Шара Оналханқызы жетекшілік жасаған №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Мырзатай Ұлжан Сейтханқызы, Ағментаева Алия Бейсенбайқызы жетекшілік жасайтын №14 «Н.Оңдасынов» атындағы жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Темірхан Бағдат Серғазыұлы, Ерманова Алия Маматжанқызы жетекшілік ететін №14 «Н.Оңдасынов» атындағы жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Жұмабай Ұлбосын Серікқызы және Рысдәулет Майра Рысдәулетқызы жетекшілік жасайтын №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Нақыпбай Сымбат Тойжанқызы жүлделі ІІІ орындарға ие болса, Мамраймова Ақмарал Есіркепқызы жетекшілік ететін №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Зұлхарнай Жұлдыз Кемелханқызы мен Қарсақбаева Айгүл Базарбайқызы жетекшілік жасайтын аталмыш мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Паташ Ақжусан Бекжанқызы ұйымдастырушылардың арнайы номинацияларына ие болды.