«ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар
30/12/2020
15 Views
Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия» мәжілісінде берілген тапсырмаға сәйкес, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың мәселелерін тыңдау мен жылдам шешу мақсатында Мақтаарал ауданы әкімдігі жанынан «Халықтық кеңсе» кеңсесі ашылды.
«Халықтық кеңсе» арқылы аудан тұрғындары кез-келген мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала отырып, жеке қабылдауға жазылып, арыз-өтініштер мен ұсыныстарын бере алады.
Кеңседе жер, тұрғын үй қатынастары, сәулет қала құрылысы, білім, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту салалары бойынша қызметтер ұсынылады және 7 маман жұмыс атқарады. Аталған бөлімдермен 90-ға жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және баламалы түрде көрсетіледі.
Халықтық кеңседе, электронды терминал арқылы кезек алу, анықтама бұрышы, қызмет көрсету, күту залдары жұмыс жасайды.
Халыққа қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «электронды үкіметтің» «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жасақталды.
Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін жұмыс жүргізеді. Түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы.
Халықтық кеңседе ЭЦҚ алу, «e-gov», түрлі анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру бойынша барлық қызметтің түрін «e-gov» порталы арқылы алу жолдарын үйрету бойынша аудандық ХҚКО-ның мамандары алдағы уақытта арнайы оқу курстарын өткізетін болады.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
90-ға жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және баламалы түрде көрсетіледі аптаның дүйсенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін жұмыс жүргізеді Мақтаарал ауданы әкімдігі жанынан «Халықтық кеңсе» ашылды 2020-12-30