KODEKS.KZ -НОРМАТИВТИІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
30/12/2020
9 Views
Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен бастамашылық жобаларды талқылайтын платформа іске қосылды.
«Басқа қоғамдық-саяси платформаларда ғылыми көзқарас жоқ. Платформаны құрушылар үлкен жұмыс атқарды. Тәжірибені зерттеу үшін әріптесім екеуіміз Ереванға бардық. Арменияда қоғам заңға қатты қызығушылық танытады, шамамен 30-40 мың адам осындай алаңдарда заңды талқылауға белсенді қатысады», – деді «ADAL BILIM» тікелей эфирінде Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов «ADAL BILIM» тікелей эфирінде.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ -дің Провосты Сергей Пеннің айтуынша, www.kodeks.kz платформасы ғылыми пікірсайысты ұйымдастыру үшін құрылды.
«Биыл біз азаматтық заңнаманы тұжырымдама түрінде жетілдіру бойынша ғылыми жобаны қолға алдық. Мақсаты – қалыптасқан институттар мен постулаттарға қарамастан халықаралық тәжірибеге сүйене отыра ашықтықты, әділеттілікті қалыптастыру. Біз тек пікірталас алаңын ғана емес, сонымен қатар тарихты, ақпарат көзін сақтауға мүмкіндік беретін платформа құрдық. Платформа халыққа қандай да бір ұсынысқа қатысты пікірталастың кезеңдерін түсінуге, нәтижелер мен қолданылған аргументтерді қорытындылауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін бірде бір формат тиісті талаптарға сай келмеген. Неге? Себебі ашық нормативтік құқықтық актілер порталында тек тізімі мен пікірлер ғана бар. Ал академиялық қауымдастық өкілдері үшін ол жеткіліксіз. Оларға заң жобасын қолдайтын немесе оған қарсы бос пікірлер керек емес, пікірталастың кезеңдері, процестің дамуы туралы ақпарат қажет», – деді Сергей Пен.
Жобаға заңға бей-жай қарамайтын кез келген адам мен заң қоғамдастығының қызығушылық танытқан өкілдері қатыса алады. Платформаны жеке де, ұжымдық түрде де қолдануға болады. Бұл әртүрлі юрисдикциялардағы құқықтық нормалардың мәтіндерін, сондай-ақ олардың академиялық сипаттамаларын тікелей салыстырудың функционалдығын пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар платформада барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
ADAL BILIM жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.
Арменияда қоғам заңға қатты қызығушылық танытады Платформаны құрушылар үлкен жұмыс атқарды Сергей Пен шамамен 30-40 мың адам 2020-12-30