БІРДЕЙЛЕНДІРУ – МІНДЕТТІ ӘРІ ЖАУАПТЫ ЖҰМЫС
Posted by: Қалмұрат
in Маман кеңесі, Экономика
06/01/2021
206 Views
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау) – ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті және жауапты іс-шара. Бұл жұмыстар мал төлдегеннен бастап атқарылады. ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 қаңтарындағы №7-1/68 бұйрығына сәйкес, төрт түлік малдарды бірдейлендіру жұмыстары міндетті болып табылады.
Бірдейлендірілген мал туралы мәліметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жөніндегі дерекқор базасына енгізіледі. Дерекқор базасында бірдейленген малдың жасы, жынысы жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың, диагностикалық зеттеулердің түрі, нәтижесі және мал иесі туралы мәліметтер толық көлемде қамтылады. Сонымен қатар жануарларды бірдейлендіре отырып, үш жұмыс күнінің ішінде иесі мен малды куәландыратын ветеринариялық паспорт беріледі.
Ветеринариялық паспортта малға әр мезгілде жүргізілген іс-шаралар жазылады. Осы жұмыстарды кенттер мен ауылдық округтердегі ветеринария мамандар атқарады. Көрсетілген қызмет ақысыз. Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіруді жүргізудегі басты мақсат-жануарларға жеке номер беру арқылы ветеринариялық іс-шаралардың диагностикалық тексерулердің жүргізілгендігіне, қозғалысына, сойылғанына, сатылғанына, ауырмағанына бақылау жасау, мал есебін жүргізу және ұрлықтың алдын алу болып табылады. Мал басын бірдейлендіру арқылы қажетті ветеринариялық биопрепараттарға тапсырыс жасалады.
А.МАМБЕТОВ,
Мақтарал аудандық «Ветеринарлық қызметі» МКК рабиолог-мал дәрігері.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жөніндегі дерекқор Ветеринариялық паспорт ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 қаңтарындағы №7-1/68 бұйрығы 2021-01-06