ЕНДІ КЕЗЕК ИМПИЧМЕНТКЕ КЕЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in Әлемде
10/01/2021
18 Views
Жуырда Apple компаниясы, өзінің онлайн-дүкенінен АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты қолдаушылар арасында мол сұранысқа ие Parler қосымшасын алып тастаған еді. Енді Twitter-де оның парақшасын белгісіз мерзімге жауып тастады. Бұл Трамп жақтстарының Капитолийге басып кіруіне қатысты қолданылған шара ретінде айтылуда.
АҚШ президенті осы әрекеттің салдарынан әдеуметтік желідегі өзінің миллиондаған оқырманынан айырылып қалды. Бұған қосымша оның YouTube пен Instagram-дағы парақшалары да бұғатталды. Д.Трамп бұл әрекеттерге өз наразылығын білдірді. Сондықтан ол амалсыз көмекшілерінің парақшалары арқылы өз жақтастарына өз пікірлерін жеткізуде.
Қазірде БАҚ-та тек Дональд Трамптың өзі ғана емес, бүкіл ел бойынша оны жақтаушыларды да қудалау орын алуда деген ақпараттар пайда болуда. Мысалы «Delta Airlines» компаниясы оны қолдаған екі жолаушыны ұшақтан түсіріп тастағаны туралы бейнеролик әлеуметтік желілерде пайда болды. Сонымен бірге, елдің әр түкпірінде оның жақтаушылары мен қарсыластары митингтерге шығып, бейбіт түрде өзара қырқыса бастаған.
Ал АҚШ президентінің өзіне қаңтардың 12 не 13-де импичмент жариялануы да мүмкін делінуде. Демократтар бұл бағытта қызу жұмыс істеуде. Олар оны 20-шы қаңтарда өтетін Джо Байденнің президенттікке ресми тағайындалу рәсіміне дейін жүзеге асырғылары келуде. Оларды тіпті Трамптың билікті Байденге беруге дайын екендігі туралы мәлімдемесі де тоқтатпауда.
Серік АМАНОВ,
Алматы.
Әлеуметтік парақшаларын бұғаттап тастады Демократтар импичмент жариялатпақшы Трамп миллиондаған оқырманынан айырылып қалды 2021-01-10