Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛАЯҚТАР ЕНДІ АККАУНТТАРҒА АУЫЗ САЛА БАСТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АЛАЯҚТАР ЕНДІ АККАУНТТАРҒА АУЫЗ САЛА БАСТАДЫ

АЛАЯҚТАР ЕНДІ АККАУНТТАРҒА АУЫЗ САЛА БАСТАДЫ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT қызметіне қазақстандық пайдаланушыдан helpsforviolation.mlсілтемесі бойынша өткеннен кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі оның аккаунтын «ұрлау» туралы өтініш келіп түсті. Жүргізілген талдау барысында интернет-ресурс «Интернет сегментіндегі Фишинг» ретінде сыныпталды.
Пайдаланушы, зиянкестен Instagram әлеуметтік желісіне техникалық қолдау көрсету атын жамылып, ол жасанды Instagram Help Center аккаунтын пайдалана отырып, пайдаланушы аккаунты «қоғамдастық ережелеріне қайшы келеді» деп хабарлайтын хабарлама алады. Хабарламада «аккаунттың авторлық құқықтарының бұзылуын жою» жалған схемасы бар ақпарат бар. Күдіктенбеген пайдаланушы «Менің аккаунтымды растау» сілтемесі бойынша өтеді және өзінің аккаунтының атауын, сондай-ақ фишингтік нысанда электрондық поштаның логині мен паролін енгізеді.
Бұл ретте, зиянкес осы аккаунттың жеке тұлғаға тиістілігін растау қажеттілігіне сендіре отырып, пайдаланушымен хат алмасады. Бұдан әрі зиянкес пайдаланушыдан SMS-хабарлама түрінде жіберілген екі факторлы авторландыру кодын сұратады және нәтижесінде пайдаланушының профилі қолжетімсіз болады, ал зиянкес пайдаланушының аккаунтын сәтті «ұрлайды». Бүгінгі таңда фишингтік интернет-ресурс біздің еліміздің аумағында қолжетімсіз.
Әлеуметтік желілердің қазіргі даму тенденцияларын ескеру қажет, өйткені олар біздің өмірімізді қатты өзгертті.Оларды қазіргі өркениеттің негізі деп санауға болады, әлеуметтік желілер бизнестің, сауданың, қызмет көрсетудің, сондай-ақ мемлекеттік сектордың ажырамас құралына айналды. Forbes деректеріне сәйкес, 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда 10 325 000 Instagram пайдаланушысы тіркелген, бұл елдің барлық халқының 54,5% – ын құрайды. Барлық қазақстандықтарды қырағы болуға және киберқауіпсіздік қағиддаларын сақтауға шақырамыз.
Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне тап болсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе http://www.cert.gov.kz/notify-incident сілтемесі бойынша өтінім жіберуді немесе email: incident@kz-cert.kz хат жолдауды сұраймыз.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел: +7-717-255-99-97 ( ішкі 351)
      +7-702-176-36-66 (моб)
E-mail: press@sts.kz  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...