ТРАМПҚА ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлемде
14/01/2021
8 Views
ВВС-дің Орыс қызметі – Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трампқа қатысты импичмент жариялау туралы құжатқа қол қойғанын хабарлады.
Бұл құжат енді мақұлдауға Сенатқа жіберіледі. Ал Сенат өз кезегінде оны Джо Байденнің ресми түрде АҚШ президентіне тағайындалу рәсімінен кейін талқылайтынын мәлімдеді. Яғни, Дональд Трамптың сол рәсімге АҚШ-тың әрекеттегі президенті ретінде қатысу мүмкіндігі бар деген сөз.
Осылайша Дональд Трамп АҚШ тарихында екі рет импичмент жарияланған (алғашқысы 2020 жылдың бас кезінде Сенатпен кері қайтарылған) президент ретінде қалатын болды. Өкілдер палатасында 2 сағаттай уақыт талқыланған осы қарарды 232 конгрессмен қолдаса, олардың 197 әріптесі қарсы болды. Осылайша қарар ресми түрде қабылданды деп есептелді.
«Бүлік шығаруға шақыру»- деп аталатын бір ғана тармағы бар қарарды қабылдар кезде Конгресс ғимаратын қорғауға жергілікті полициядан бөлек 15 мың сарбаз жұмылдырылыпты. Тіпті Конгресстің дәліздерінде де жүздеген сарбаз орналастырылыпты. Бұл, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы әскери контингентінен де көп деген сөз.
Атап кетерлігі, сақтық шаралары ретінде АҚШ-тың Біріккен штабтар басшылығы бұның алдыңда ғана әскерлер арасында арнайы мәлімдеме таратып, оларды әскери антқа адалдық танытып, түрлі заңсыз әрекеттерге барудан сақтандырды. Оған 6 қаңтар күні Капитолийге басып кіргендердің арасында бұрыңғы және қазіргі әскери қызметкерлер болды деген ақпараттар себеп болды делінеді.
Сәкен САБЫРОВ, Алматы қаласы.
15 мың әскер жұмылдырылды Дональд Трамп Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Трампқа импичмент жарияланды 2021-01-14