ТРАМП ӘКІМДІГІ ҚЫТАЙҒА ҚАТЫСТЫ КЕЗЕКТІ ҚАДАМЫН ЖАСАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлемде
15/01/2021
17 Views
Дональд Трамп, Қытайдың Шыңжаң аймағынан келетін мақта және қызанақ өнімдеріне тыйым салады. «Бұл Шыңжаңдағы мұсылмандардың қудалануына байланысты Қытай билігіне қысымын үдетуді көздеген АҚШ билігінің соңғы қадамдарының бірі»-деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Трамп әкімшілігі бұған дейін де аймақта адам құқығын өрескел бұзып, табыс табатын жекелеген компаниялардың өнімдерін бұғаттап, қудалау кампаниясына атсалысқан Қытай коммунистік партиясы шенеуніктеріне санкция салғаны хабарланған болатын.
Өз кезегінде танымал сарапшылар мұны Трамптың Джо Байденге арнаған «сыйы» ретінде қабылдауда. Сайлауалды бағдарламасында Трамп Байден президент ретінде тағайындалған соң, Қытаймен барынша жақын байланыста болғысы келетінін, ал ол өз кезегінде соны болдырмау үшін барынша әрекет жасайтынын мәлімдеген еді. Енді президенттігінің соңғы күндерінде Д.Трамптың сол уәдесін орындау үшін барынша әрекетке көшкенін байқауға болады.
Сәкен САБЫРОВ,
Алматы қаласы.
АҚШ пен Қытай текетіресі Джо Байденге арналған "сыйлық" Трамп уәдесін орындауға кірісті 2021-01-15