Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:
-
органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
-
адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;
-
патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.
Судың эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкестігімен анықталады. Қазіргі уақытта жердің беткі қабатындағы су көздерін пайдаланушы су құбырының су тарату желісіндегі судың вирустарымен ластануын бағалау үшін колифагтарды анықтау қабылданған. Олардың көрсеткіші болып 100 мл судағы түйін құраушы бірліктердің (ТҚБ) саны қабылданған. Олар ауыз суда болмауы қажет. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсіптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.
Ауыз судың сапасына бақылау сумен қамтамсыздандыру жүйесін пайдаланушы ұйымның арнайы зертханаларымен (өндірістік бақылау) және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдарымен жүргізіледі.
Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
-
судық биологиялық құрамына байланысты аурулар тобына;
-
судың химиялық құрамына байланысты аурулар тобына.
Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі айтылды.
Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі:
-
судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;
-
судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты аурулар.