Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТМД елдері ішінде тегін скринингтен өткізетін жалғыз мемлекет - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТМД елдері ішінде тегін скринингтен өткізетін жалғыз мемлекет

ТМД елдері ішінде тегін скринингтен өткізетін жалғыз мемлекет

Медицина саласы әлемде күн санап қарқынды дамып келеді. Кез-келген ауруды бастапқы кезеңінде анықтаса, оны толығымен емдеп шығуға мүмкіндік бар. Соның ішінде онкологиялық ауруларды бірінші сатысында анықтау өте маңызды. Қатерлі дерттің алдын алу мақсатында Қазақстанда 2008 жылы арнайы ұлттық бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарламаға сай тұрғындар жыл сайын тегін скрингтен өтіп тұрады. Негізі Қазақстан – ТМД елдері ішінде тегін скринингтен өткізетін жалғыз мемлекет.
Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры 
Олжаев Саяхат Таурбекұлының айтуынша, әйелдер арасында жатыр мойны обыры жиі кездестін ауру түріне айналдыЕлімізде жыл сайын осы аурудан 600-ге жуық әйел қайтыс болады екен. Жатыр мойны обыры әйелдер арасында кездесетін онкологиялық аурулар бойынша сүт безінің  қатерлі дертінен кейін екінші орында тұр.Қабылданған ұлттық бағдарламаға сай онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарды тегін скринигтен өткізу қарастырылған. Бүгінгі күні онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обырына көбіне жасы 40 пен 50 арасындағы әйелдер жиі шалдығады. Деректерге сүйенсек, жыл сайын елімізде  1700-ге жуық әйелден қатерлі дерт анықталады. Алайда қатерлі дертке шалдыққан адам оны үкім деп қабылдауға болмайды. Біз пациенттерге үздіксіз ем жүргізумен қатар психологиялық көмек те көрсетеміз. Сонда қолданған ем нәтижесін береді”, – дейді клиниканың бас дәрігері.
 2020 жылдың 23 қаңтарында ҚР барлық онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырыпашық есік күні өтеді. Ашық есік күні әйелдер онкогинекологтың тексеруінен өтіп, тегін кеңес алады.Алматы облысының оңтүстік өңірі бойынша 2020 жылы 1481 адамнан қатерлі дерт анықталып, Алматы аймақтық көпсалалы клиникада жалпы 9244 адам тіркеуде тұр.
16 қаңтар күні Алматы қаласы мен Алматы облысының БАҚ өкілдері Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Ашық есік күніне қатысып, дәрігер-мамандардың қабылдауында болды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...