Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Halyk Bank арнайы шот ашудың операторы болды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » Halyk Bank арнайы шот ашудың операторы болды

Halyk Bank арнайы шот ашудың операторы болды

Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) біржолғы  зейнетақы төлемдерін (БЗТесепке алу және  пайдалану   жөніндегі  уәкілетті  операторы болды. Енді клиенттер онлайн режимінде  Halyk Homebankқосымшасында бір реттік зейнетақы  төлемдеріне (БЗТарналған арнайы  шот аша алады. Арнайы шот ашу аталған төлемдерді алудың негізгі алғышарты болып табылады.   БЗТ алудың екінші қадамы – өтінімді толтыру, бұл іс-әрекет аз уақытта қолжетімді болады.
Halyk Bank БЗТ операторы ретінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-нан БЗТ-не арналған арнайы шоттарды келесі мақсаттарға ашып, жүргізеді:
• бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге;
• бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге;
• ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға.
Ескерте кететін бір жайт, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы/лауазымды адамы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіткеннен кейін, сондай-ақ Банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойғаннан кейін БЗТ алуға онлайн өтінім беру Halyk Homebank қосымшасында мүмкін болады.
Halyk Homebank қосымшасында біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған шотты қалай ашуға болатындығы туралы қосымша ақпаратты келесі сілтемеден қараңыз.
Мобильді Halyk Homebank қосымшасын осы сілтеме арқылы өтіп, орнатып алуға болады.
Банк жаңалықтарымен сайттан және Halyk Bank-тің әлеуметтік ресми парақшаларынан танысуға болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...