«Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеу: практикалық мәселелер» атты онлайн-конференция
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE
27/01/2021
17 Views
2021 жылдың 28 қаңтары. Уақыты: сағат 15: 00 Kun.kz алаңында
Қалдықтармен жұмыс істеу экологияның ең өзекті мәселелерінің бірі. Бурабай курорттық аймағының ластануына байланысты оқиғалар мен пайдаланған медициналық маскаларының қала көшелерінде шашылып жату салдары қоғамдық резонанс тудырып, экологиялық тәрбиенің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті. Халықтың экологиялық мәдениеті мен жеке моральдық-этикалық нормалары мен көзқарастарының деңгейін арттыруды экологиялық білім арқылы дарыту қажет.
Осы мәселелерді талқылау үшін 28 қаңтар күні сағат 15:00-де Kun.kz ашық диалог алаңында «Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеу: практикалық мәселелер» атты онлайн-конференция өтеді.
Ұйымдастырушылар: «Stop musor» әлеуметтік жобасының аясында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ.
Конференцияға қатысушылар:
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі. Ол аталған мәселелерді шешуге арналған мемлекеттік саясат туралы айтып береді
«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы А.С. Соловьева Stop musor жобасын іске асыру барысы, қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге қосқан үлесі туралы ой бөліседі.
Исмаилов Р.А., «Ресей экологиялық қоғамының» төрағасы Ресейдегі қоқыс шығару мәселелерін шешу тәжірибесі туралы айтып береді.
KazWaste қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры В. В. Мұстафина қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу саласында бизнестің жүргізіп жатқан жұмысы туралы әңгімелейді.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрайымы Динара Сәдуақасова birgemiz: Taza alem жалпыұлттық жобасының іске асырылуы туралы айтып береді.
Эко-белсенді Шасалим Шагалимов Нұр-сұлтан қаласында өткізіліп жатқан эко патрульдер туралы баяндап береді.
Сіздерді Фейсбук парақшасында Kun.kz алаңында өтетін тікелей эфирде спикерлерге өз сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз.
Анықтама үшін:
* Stop Musor жобасы халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін сіңіруге бағытталған.
Жоба аясында www.stopmusor.kz арнайы сайты әзірленіп, іске қосылған, сондай-ақ, сіз жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазыла аласыз.
https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz «StopMusor» әлеуметтік жобасын «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы жүзеге асырып келеді.
Баспасөз хатшысы: Меруерт Абдалиева 87784560999
Қоршаған орта тазалығы Экология 2021-01-27