МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР ҚЫЗЫЛША ТҰҚЫМЫН ЕГУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар, Экономика
01/02/2021
85 Views
Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің еңбекқор диқандары үй іргелік жерлерге қызылша тұқымын егіп бастапты. Бұл туралы округ әкімі Молдабек Битемров аудан әкімінің баспасөз қызметіне хабарлады.
Қызылшаның павло, боро, водан F1 атты тұқымдарын шетелден келтірілген. Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға тұқым егіп үлгерген. 2 жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға болады екен.
2020 жылы ерте көктемде өнім алған А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары Алматы, Астана, Қарағанды қалаларына және Ресей мемлекетінен қызылша өнімін сатып, мол табыс тапқан.
Қызылша егілетін жер өте құнарлы болуы тиіс. Ол үшін селитра, аммофос, малдың қилары арқылы жер тыңайтылады. Агротехникалық шаралардың басым бөлігі қолдың күшімен істелетіндіктен, қызылша егу үшін қажырлы еңбек керек екені ескерілуі тиіс. Алайда, үлкен еңбектің соңы – үлкен табысқа алып келетінін округ әкімі М.Битеміров атап өтті.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінде 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
А.Қалыбеков ауылдық округі боро водан F1 атты тұқымдары Қызылшаның павло округ әкімі Молдабек Битемров 2021-02-01