МАҚТААРАЛДА 77 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Экономика
03/02/2021
41 Views
Бүгінде Мақтаарал ауданында жалпы 86,5 шақырымды құрайтын республикалық, 200 шақырымнан асатын облыстық, 44 шақырымнан аса аудандық маңызы бар жолдар бар. Елді мекендердің ішкі көшелері 570 шақырымға жетеді.
2020 жылы ауданда 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 3 автокөлік жолына 161,3 миллион теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар, өткен жылы аудандық бюджеттен 381 миллион теңге қаржы қаралып, 51 шақырымнан аса 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Ауданда 1,5 миллиард теңгеге 64,8 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төселді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 41 көше, жергілікті бюджет есебінен 7 көше, су тасқыны салдарынан қалпына келтірілген 29 көше бар.
Есте салсақ, былтыр А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта жөндеуден өтсе, КХ-77, КХ-100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ ұзындығы 35,3 шақырымды құрайтын 24 көшеге мыңнан астам жарық шамдары орнатылып, 3,4 шақырымды құрайтын 2 көшеге аяқжол салынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
77 көше Оң нәтиже Тас жолдарды жөндеу 2021-02-03