КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Денсаулық
04/02/2021
15 Views
Баршаңызға белгілі 1 ақпаннан бастап Қазақстанда СOVID-19 инфекциясына қарсы ресейлік «Sputnik V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды.
«Sputnik V» вакцинасы өлтірілген, инактивацияланған – 2 компоненттен тұрады, ол иықтың бұлшық етіне салынады. Вакцинаның компонент №1 мен компонент № 2-ні салу арақашықтығы 21 күнді құрайды.
Мақтаарал ауданына вакцинаның бүгінгі таңға 65 доза мөлшері жеткізіліп, жоспарланған кестеге сәйкес Мырзакент пен Атакент орталық ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне салынуда.
Профилактикалық егуге тек қарсы көрсетілімдер жоқ адамдар жіберіледі. Айта кеткен жөн, вакцинаны тек 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы ғана ала-алады. Вакцинациялау кезең-кезеңмен бөлінген. Бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, жансақтау, қабылдау бөлімдерінің медициналық қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандары екпені алады.
Алдымен азаматтар дәрігердің міндетті тексеруінен өтеді. Дәрігер ауыз қуысын қарап, дене қызуын, өкпенің сатурациясын және қан қысымын өлшейді, жүрек пен тыныс алу жолдарының аускультациясын жасайды. Пациентпен вакцинаны салдырғаннан кейінгі болуы мүмкін асқынулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Вакцинация короновирустың одан әрі таралуына жол бермейді.
Санитарлық талап ережелерді сақтап, алдын алу шараларын орындау әр-бір азаматтың міндеті. Денсаулығымыз мықты болсын!
Д.АБДЕШЕВА,
Мақтаарал аудандық
СЭББ басшы орынбасары.
Вакцинациялау Денсаулық Мақтаарал ауданына 65 доза 2021-02-04