«DIGITAL ALMATY 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік
06/02/2021
12 Views
5-ші ақпанда Алматыда «Digital Almaty 2021 – Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» халықаралық форумы болып өтті. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара онлайн форматта өткізілді. Форумның ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегациялар басшыларының: Дүниежүзілік Экономикалық форумның президенті Берге Бренденің, Google вице-президенті Винт Серфтің құттықтау сөзімен (онлайн-қосылу және бейнехабарлама арқылы) басталды.
Форум шеңберінде «Пандемия кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздікке сын–қатерлер» панельдік сессиясы ұйымдастырылды, онда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) директорының орынбасары Александр Косенков «2020 – Қазнеттегі АҚ: Цифрлар мен фактілер» тақырыбымен спикер болып сөз сөйледі. Сондай-ақ, біздің әріптесіміз форумға қатысушылар үшін бірнеше өзекті кейстерді таныстырды.
Өз сөзінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өкілі Қоғамның 2020 жылғы келесі статистикалық мәліметтерімен бөлісті.Өткен жылы ақпараттық қауіпсіздіктің 24 053 инциденті тіркелді және пысықталды, фишингтік интернет-ресурстар санының 58%-ға, қазақстандық сервистерге қатысты DDoS-шабуылдар 44% – ға өсуі байқалды.Көбінесе мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің (АКИАМО) осалдықтарын пайдалануға 1 674 әрекет жасалды.
Айта кетсек, «Digital Almaty» осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және форумның негізгі мақсаты цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді талқылау мақсатында өңірлік және жаһандық деңгейде диалог жүргізу үшін алаңдарды қамтамасыз ету болып табылады.
«Digital Almaty 2021 - Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» Дүниежүзілік Экономикалық форум 2021-02-06