СЫБАЙЛАСТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
07/02/2021
17 Views
ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа, «…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу» деген анықтама береді.
Осы анықтаманы басшылыққа алсақ, онда бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына: 1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру. 2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жайлары жатады.
Кез келген жағдайда сыбайлас жемқорлықпен күресте ең тиімді әдістің, бұл дертпен бүкіл қоғам болып күресу екенін есте ұстау керек.
Ш.АСАБАЕВ,
Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
Сыбайлас жемқорлық 2021-02-07