Коронавирустық инфекция (COVID-19)- жіті респираторлық вирустық инфекция. Осы инфекция ауру жұқтырған адамнан келсі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан аузынанбөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе ауруды жұқтырады.Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 2 метр қашықтықта жүру маңызды. (COVID-19)- инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін.
Инфекциясының белгілері- дене қызуының көтерілуі, түшкіру, әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, кеуде қуысының ауырсынуы, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі, құрғақ жөтел. (COVID-19) – инфекциясы 65 жастан асқан адамдарға 5- жасқа дейінгі балалрға, жүкті әйелдерге, имунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйрктің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.
Ең алдымен әр адам санитариялық-гигиеналық талаптарын сақтауға міндетті.
-
Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн;
-
Қоғамдық орындарда 2 метр ара-қашықтықты сақтау;
-
Қолды жиі сабындап жуу, арнайы антисептик құралдарын пайдалану;
-
Үй-жайды (жұмыс орнын) таза ұстау;
-
Дене қызуын 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
-
Тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
-
Тұрғын үй-жайларын ылғалды жинау кзінде дезинфекциялық заттарды қолдану;
-
Жеке гигиенаны сақтау (жек сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т.б);
-
Қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеу;
-
Жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтар мен немесе орамалмен жабу содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немес дезинфекциялық сулықтаормен өңдеу қажет, содан кейін залалалсыздандыру қажет;
-
Қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдармен қарым қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болған жағдайда кесмінде 1 метр ара-қашықтықты сақтау;
-
ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы,көбінесе құрғақ жөтел,қалтырау,денедегі қақсау,мұрын шырышты қабатының қабынуы және т.б) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндтті түрде жедел медициналық көмекті шақыру қажет.