ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕН БОСАП ШЫҚҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар
07/02/2021
21 Views
Елімізде сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрғандарды мамандыққа оқыту, біліктілікке қайта даярлау курстарын ұйымдастыру шаралары басты назарда тұр. Бүгінде бұл мәселемен жер-жерде жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары шұғылданады. Мұның сыртында, аталған санаттағы азаматтарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкелері де тиісінше жиі ұйымдастырылып отырылады. Сондай-ақ, ауылдық округтерде де сол мәселемен арнайы айналысатын мамандар да бар. Олар бұл категориядағы азаматтарға лайықты жұмыс түрін табуға шұғылданады.
Біздің ауданымызда да тұрақты түрде осы бағытта жиындар өткізіліп тұрады. Осы жиындар барысында түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтардың еркін өмірге араласып, ел қатарлы түзу тұрмыс кешуіне көп болып ықпал етудің кешенді жоспары жасалады және оның орындалу бағыттары талқыланап отырады. Сонымен бірге, жазасын өтегендерді еркін өмірге бейімдеу, оңалту, еңбекпен қамту шараларына қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды көптеп тарту жайлары да сөз болады.
Пробациялық есепте тұрған азаматтардың еңбек етуге қатысты конституциялық құқықтары осылайша ауданымызда жан-жақты қорғалған. Ал егер оларда нарық ьалабына сәйкес келетін мамандық болмаса, онда олар кәсіпкерлікті қолдау бөлімі тарапынан ұйымдастырылған курстарға қатысып, жаңа мамандықтар ала алады.
Ш.АСАБАЕВ,
Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
Пробация Сотталғандарды жұмыспен қамту 2021-02-07