Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТІБІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТІБІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТІБІ

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/496 бұйрығының талаптарына сәйкес,тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер( жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттар) ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен (ветеринариялық анықтамамен) қоса жүруі тиіс.
    Ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін едені ағаш, төсем қабатымен (ағаш үгіндісі, сабан) жабылған және бортының биіктігі шанақтың еденінен 2 метрге дейін және қойларды, ешкілер мен шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 метрге дейін болатын және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштар орнатылған автокөлік құралдары (мал тасығыштар) пайдаланылады.
– Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарлар мынадай тәртіппен орналастырылады:
1) басын алға қаратады және ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, бұқаларды, түйелерді) мықтап байлайды. Тиеудің алдында жылқылардың тағаларын алып тастайды;
      2) байлаусыз, барлық жануарларға автокөлік шанағында жатуға мүмкіндік беретін мөлшерде (екі жасқа дейінгі ірі қара мал төлдері, шошқа, қой мен ешкілер және басқа ұсақ жануарлар);
      3) құстарды қалың, ылғал өткізбейтін едені, жеткілікті мөлшердегі төсемі бар арнайы жабдықталған торларда және ауа айналымының еркін айналымы қамтамасыз етілген торларда тасымалдайды. Торларды қабаттап тиеуге жол беріледі (бірақ төртеуден артық емес).
     -орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардың санына қарамай жол серікпен қоса жүреді. Жануарлардың жолсерігі автокөлік құралының кабинасында немесе жануарлардан оқшауланған арнайы жабдықталған орын болған кезде жануарлардың жанында автокөлік құралының шанағында болады.
– жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды (етті қатарлау немесе асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі) сақтай отырып, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады. Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес автокөліктерде жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдаудың температуралық режимі сақталады.
      – салқындатылған немесе тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын қашықтықтарға тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай тиеуге рұқсат етіледі. Автокөлік шанағының едені жуылады, таза брезент, одан кейін таза мата төселеді. Еттің беті таза материалмен жабылады.
– автокөлік құралының шанағында жүк тиеуші жұмысшыларға немесе басқа адамдарға тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге болуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабының 4 тармағында жеке және заңды тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді (жануарлар және жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды) тасымалдау кезінде жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі міндеттелген.
     Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 36 бабында ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзу  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады делінген, яғни
ҚР-ғы 5 шілдедегі 2014 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 406 бабының 1 тармағының  2 тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаларға – жиырма (58 340 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік  суъектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға елу (145 850 теңге), орта кәсіпкерлік суъектілеріне  бір жүз (291 700 теңге), ірі кәсіпкерлік суъектілеріне екі жүз (583 400 теңге) (АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    Ә.НЫСАНБАЙ,
ҚР АШМ ВБ жҚК Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы жетекші маманы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...