Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы әкімдігінің «Заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің жұмысына тосқауыл қою» тапсырмасына бойынша Мақтаарал ауданында құрылған тұрақты мобильдік топ құрамы  2021 жылдың 6 ақпан күні  заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге рейдтік іс-шара ұйымдастырды. 
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жәнібек Досболовтың ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара барысында 18-ден астам шағын автобустарды тоқтатып, құжаттарын тексерді. Нәтижесінде бағыттардың  қозғалыс кестесі  және сызбалары жоқ екені анықталды.
«Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, автобус және шағын автобустармен жолаушылар тасымалы 2 түрге бөлінеді. Олар: тұрақты және тұрақты емес тасымал. Тұрақты тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктерде жолаушылар мен багаж тасымалдауға құқық беретін куәлік, рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өткендігі туралы белгілер қойылған жол қағазы, бағыттың қозғалыс кестесі, бағыттың қозғалыс сызбасы болуы қажет. Сондай-ақ, тұрақты емес тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктерде тұрақты емес тасымалдау қызметіне берілген лицензия, рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өткендігі туралы белгілер қойылған борт журналы, тапсырыс берушімен түзілген келісім шарт, тасымалданатын жолаушылар тізімі, автокөлікке тахографтың орнатылғаны туралы сертификаттың болуы міндеттеледі» – деді, рейд барысында жүргізушілерге түсіндіру жұымысын жасаған Ж.Досболов.
Жалпы рейдтік шарада ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған планшеттермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау  баптары бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...