Еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында құрылған «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысы – Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы негізінде мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.
Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия» мәжілісінде берілген тапсырмаға сәйкес, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың мәселелерін тыңдау мен жылдам шешу мақсатында Мақтаарал ауданы әкімдігі жанынан 2020 жылдың 29 желтоқсан күні «Халықтық кеңсесін» салтанаты ашылу рәсімі өткізіліп, жұмыс істеуде.
«Халықтық кеңсе» арқылы аудан тұрғындары кез-келген мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала отырып, жеке қабылдауға жазылып (аудан әкіміне, әкімнің орынбасарларына және Әдеп жөніндегі уәкілдің), арыз-өтініштер мен ұсыныстарын бере алады. Онда жер, тұрғын үй қатынастары, сәулет қала құрылысы, білім, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту салалары бойынша қызметтер ұсынылады және 7 маман жұмыс атқарады. Аталған бөлімдермен 90 жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және баламалы түрде көрсетіледі.
«Халықтық кеңседе», электронды терминал арқылы кезек алу, анықтама бұрышы, қызмет көрсету, күту залдары жұмыс жасайды.
Халыққа қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «электронды үкіметтің» «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жасақталған.
Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін жұмыс жүргізеді. Түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы.
Бұл жерде ЭЦҚ алу, «e-gov», түрлі анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру бойынша барлық қызметтің түрін «e-gov» порталы арқылы алу жолдарын үйрету бойынша консультациялық кеңестер беріледі.
Кеңсе колл-орталығының байланыс (қабылдау) нөмірі +77003440542.