ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАЛАР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСТЫ
Posted by: Қалмұрат
in Денсаулық, Жаңалықтар
09/02/2021
15 Views
2021 жыл «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» деп жарияланды. Мен 1991 жылы тамыз айында Кеңес Одағы тарқағаннан кейін, Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғалы Қазақстан Республикасында жаңадан құрылған саяси құрылымда – Киров, кейін Асықата ауданы, 1997 жылы сәуір айында 3 аудан біріккен соң (Мақтарал, Асықата, Жетісай аудандары) іріленген Мақтарал ауданы әкімі аппаратында 2017 жылы мамыр айынан бастап 2017 жылы сәуір айына дейін бас инспекторы ретінде жұмысты жалғастырдым.
Осы жылдары мемлекеттік қызмет атқару барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлықтарын, Өкімдерін, Қазақстан халқына Жолдауларын, жалпы саясатын тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттап келдім. Зейнеткерлікке шықсам да халық арасында Қазақстанның жетістіктері бойынша ақпарат беріп келемін.
Қазақстанның 30 жыл бойындағы жетістіктер – біздің бүкіл әлемдегі дамыған елдерден қалмайтынымызды көрсетеді деп түсінемін. Осы 30 жыл ішінде Қазақстанда атқарылған жұмыстарды сараласақ, Қазақстанның бүкіл шет мемлекеттерге ұсынылған бастамалары мен ұсыныстарды еске алсақ Қазақстан әлемде жоғары орын алғаны анық. Осы 30 жылда Қазақстанның дамуына, оның ілгерлеуіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және кезінде жоғарғы лауазым қызметтерді атқарған (ҚР Сыртқы істер Министрі, ҚР Премьер – Министрі, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысының орынбасары), бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еселі еңбектері орасан зор.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бірнеше жахандық бастамалар мен халықаралық жобалар ұсынды. Әлем қауымдастығы, саясаткерлер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің жылдар бойы атқарған жұмыстарын ескеріп, Н.Назарбаевты «Көреген басшы, сұңғыла саясаткер» деп бағалауда.
Қазақстанның жаһандық бастамалары – ол бітімгершілік. Қазақстанның бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік идеяларын, Қазақстандық жахандық бастамалары мен халықаралық жобалар туралы, оның белсенді түрде жүзеге асып жатқаны жөнінде, оны іргеліретуі бойынша жетекші саяси қайраткерлер, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары белсенді түрде газет бетінде ақпарат беріп, мақалалар жариялап, теледидардың бағдарламалары арқылы түрлі ток шоу, сұқбат жүргізіді. Біз де «Шаңырақ» отбасы клубының мүшелері Қазақстандық жахандық бастамалары мен халықаралық жобаларынің іске асуы туралы бойынша бірнеше іс-шаралар ұйымдастырып келдік.
Мысалы 1991 жылы Қазақстан ядролық қарусыздануды және оны таратуды тоқтату процессіне зор үлес қосты. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдағаны батылдық деп есептеймін. Менің есімде жазушы Олжас Сұлейменовтың «Семей – Невада» қозғалысының бастамасы барша әлемдегі адамдарды толғандырғаны.
1996 жылы Қазақстан алғашқылардың бірі болып, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартқа қол қойып, оны ратификациялады және шартты ратификацияламаған немесе қол қоймаған мемлекеттерді мүмкіндігінше тезірек орындауға шақырды.
2015 жылы Қазақстан мен Жапонияның сыртқы Істер Министрлері Нью-Йорктегі ядролық сынақтарды жан-жақты тиым салу туралы шартты күшіне еңгізуге қатысты 9 конференция өткізді. 2015 жылдың қазан айында Н.Назарбаев пен Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэннің бүкіл әлемде ядролық сынақтарға заңнамалық тұрғыда тиым салуға қатысты бірлескен мәлімдемесі болды. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы желтоқсанда қабылданған Ядролық қарусыз әлем құру туралы жалпы декларациясына бастамшы болды. Сонымен қатар, Қазақстанның бастауымен БҰҰ бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні деп жариялауы туралы резолюциясы бірауыздан қабылданды. Биыл 2021 жылы 29 тамызда, Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толады. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйытқы болуымен қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуына арналған Мемориалдық кешен салтанатты түрде ашылды. Мен сол кезде Нұр-Сұлтан қаласында қонақ болып жүргендіктен арнайы сол Мемориалдық кешенді аралап, 30 жыл бойы бейбіт өмір сүргеніміз жөнінде ой түздім. Бейбітшілік, тыныштық өмір сүргенге не жетсін! Сол Мемориалдық кешен менің есіме мынаны түсірді : 2016 жылы 31 наурызда Вашингтон қаласында өткен төртінші ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» деп аталатын баяндамасында әлемдік қауымдастыққа ядролық қарусыз әлем құру үшін келісілген әрекет жасауға шақыратын соғыс пен қақтығыс вирусымен күресу стратегиясын ұсынды.
Ал, 2016 жылы 28 маусымды еске алсақ, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Осылайша Қазақстан – жахандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты миссия жүктелген әлемдегі ең беделді 15 елдің қатарына енді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде алдағы жұмыс үшін 4 басым бағытты жариялады: ядролық, энергетиканың, су және азық-түлік қауіпсіздігі. Мысалы Канада мемлекетінің медиа агенттік директоры Гарри Нанда «Қазақстан елі жас болса да БҰҰ Қауіпсізідік Кеңесін төрағалық етіп те үлгерді» деді. Бұл пікірді мен мақтан тұтамын.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше көптеген мемлекеттер Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту тәжірибесін зерделеуге ниет білдірді. 2018 жылы қыркүйек айында Н.Назарбаев қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттейтін арнайы кодекс әзірлеуді ұсынды. 70-тен астам мемлекеттің басшылары осы құжатқа қол қойды. Осы және басқа да көптеген ұсыныстарды шетелдік сарапшылар жоғары бағалайды.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде алдағы кезеңде атқару бойынша ядролық, энергетиканың, су және азық-түлік қауіпсіздігі туралы жариялаған 4 басым бағытының бірі энергетика мәселесін шешу мақсатында 2017 жылы маусым айы – қыркүйек ай аралығында Астана қаласында «Жасыл экономика» тақырыбы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізді. Бұл көрмеге осы мәселені іске асыруы бойынша 115 мемлекет және 20 ірі халықаралық ұйымдар қатысты.
Қазақстан Сириядағы азаматтық қақтығыстарға қатысты мәселені шешу барысында бейбіт келіссөздер жүргізді. Сириядағы Қазақстанның азаматтарын елге қайтару аясында атқарған «Жұсан» операциясын да өзге мемлекеттер аса жоғары бағалады. 2020 жылы желтоқсан айында «Хабар» телеарнасында осы мәселе бойынша телесериалды көріп, Елбасы Н.Назарбаевтың қадамы маңызды екенін түсіндім. Семей полигоны жайлы «Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Полигон» телехикаясын көрыңыздер, балаларыңызға да көрсетіңіздер. «Ютуб» каналында жүктеулі тұр @ khabartv, @azamatc, @majit_assan, @zarina_karmen «Ютуб» каналында барлық бөлімдер сақтаулы : @tanzilaomarova
Ал, жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған климаттық амбициялар туралы Саммитінде бейне үндеуі көп мемлекеттерді толғандырды.
Осылайша Қазақстан бүкіл әлемге өзінің ұсыныстарымен танымал болып келеді. Алдағы кезеңде де Қазақстандық жаһандық бастамалар мен халықаралық жобалар іске аса береді деп сенемін.
Камира СЛАМБЕКҚЫЗЫ,
«Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі,
Жетісай аудандық әжелер алқасы төрайымының орынбасары.
2021-02-09