«e-Salyq Azamat » АРТЫҚ ТӨЛЕМДЕРДІ БАСҚАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Posted by: Қалмұрат
in Қаржы саласы, Экономика
12/02/2021
29 Views
ҚР ҚМ МКК салықтарды төлеу рәсімдерін жеңілдету және ыңғайлылығы үшін «салық әмияны» функционалы «Е-салық»бірыңғай қосымшасы әзірленіп салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market жүктеп алуға болады.
Салық әмияны сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ пайдалана отырып немесе СМС код бойынша «e-Salyq Azamat » қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті. Сондай-ақ, мобильді қосымшаға ЖСН/ пароль және жылдам қол жеткізу коды бойынша кіруді баптауға болады.
Жеке тұлғаның және жеке кәсіпкерлердің салық әмияны пайдаланушыларға соманы бір төлеммен бірыңғай деректемелерге есептеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сервис бюджет алдындағы ағымдағы және болашақ міндеттемелер туралы ақпаратты жинақтайды, салық әмиянынан қаражатты есептен шығару туралы хабарлайды, сондай-ақ салық салынатын объектілерді түзетуге өтінім жіберуге болады.
Салық әмияны қызметі салықтөлеушіге оның бюджетпен ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияны, есеп айырысуларды, уәкілетті органдардың мәліметтерін ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есептеледі.
А.КАЗИМОВ,
Мақтаарал ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы.
Мобильді қосымша Салық саласы Ыңғайлы қызмет 2021-02-12