Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ АУДАНЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ АУДАНЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ АУДАНЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарындағы 4 ауданымен шектеседі. Ауданды көрші елмен байланыстырып тұрған «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария», «Целинный» шекара өткізу бекеттері арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері барыс-келіс жасауда. Екі ел арасында бұдан да тығыз экономикалық қарым-қатынас орнату мүмкіндігі бар.  
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру туралы тапсырма берген болатын. Ал ағымдағы жылдың 26-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкіметтің кеңейітілген отырысында Үкімет басшысына «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесін жеделдетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты күні кеше Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов пен Өзбекстан Республикасының осы салаға жауапты вице-министрлері де Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, шекара маңындағы бекеттердің жұмысымен танысты.
Министр мен басқарма басшысы «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерін арнайы барып көріп, халықаралық сауда орталығын құру үшін нысандардың мүмкіндіктерін қарап шықты. Аудан әкімі Бақыт Асанов бекеттердің жұмысы мен мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Мәселен, «Целинный» шекара өткізу бекетіне жақын маңда «Сапар базарын» халықаралық деңгейде дамытуға болатынын айтты.
«Мақтаарал ауданында Ұлы Жібек жолының бір тармағы саналатын М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы магистрал дәлізі бар. Осы автомобиль жолының потенциалын пайдаланып, өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндігіміз зор. Мәселен, бір кездері халықаралық деңгейде қызмет көрсеткен «бетонканың» бойындағы «Сапар базарын» халықаралық деңгейде қайтадан дамытсақ – өңірде мыңдаған адамды жұмыспен қамти аламыз» – деді Бақыт Насырханұлы.
Жалпы кәсіпкер Едіге Рахымбердиевке тиесілі «Сапар базарында» модернизациялау жұмыстары 2019 жылы жүргізілген болатын. Ол үшін кәсіпкердің жеке есебінен 100 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалды. Соның арқасында тұтынушыларға жағдай жасалып, қосымша 100 адам жұмыспен қамтылды.
Министр «Атамекен» кедендік бекетінде де болды. Бұған дейін көрші елге өтпекші болған жүк көліктері кедендік бекет маңында кептеліске ұшырап, жол қатынасы қиындала түскен еді. Осы өзекті мәселені шешу үшін аудан әкімі Б.Асановтың бастамасымен кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспары жасалды. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделіп отыр. Қазіргі таңда автотұрақ пайдалануға берілсе, кәсіпкерлердің есебінен басқа да нысандар салынуда.
Жұмыс сапарының қорытындысында барлық мән-жайға қанық болған министр Бақыт Тұрлыханұлы «Орталық Азия» халықаралық сауда орталығын құру үшін таңдалатын бекетке қатысты жан-жақты зерттеу жүргізіліп, шешім шығарылатынын айтты. 
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...