ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
15/02/2021
24 Views
Мемлекетіміздің кез-келген азаматы секілді, пробация қызметінде есепте тұрғандардың да ҚР Заңдарында көрсетілген барлық әлеуметтік-құқықтық және психологиялық, медиициналық пен т.б. көмек алуларына толық құқықтары бар. Ондай көмектердің арқасында пробация қызметінде тұрған азаматтар, уақытша қиыншылықтарды жеңіп, қоғамға тез бейімделе алады.
Сондай көмектердің ішіндегі елеулісі әрине психологиялық көмек десек артық болмас. Себебі, олар өздерін психологиялық тұрғыдан қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінсе бойларында ертеңге деген сенім пайда болады. Яғни, өздерін мүжіген уақытша сенімсізден құтылып ған қоймай, күнкөрістерінің қамы үшін қылмысқа барған дұрыс деген ойларынан да бас тартатын болады.
Осы жайларды жақсы түсіне отырып біздің қызмет өкілдері, пробациялық есепте тұратын азаматтарды белгіленген кестеге сәйкес аудандық аурухананың психологтарымен жолықтырамыз. Мысалы, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бергі уақыттың өзінде біздің есепте тұрған 30-дан астам азамат психолог мамандармен кездесіп, өздеріне қажетті кәсіби маман кеңестерін алды.
Психологиялық ақыл-кеңес курсынан соң, олардың бойларында өздеріне деген сенімділік пайда болары анық. Содан кейін оларды бүгінгі заман талабына ай келетін түрлі мамандықтарға оқыту, шағын және орта бизнеспен айналысуына жағдай жасау, кәсіптерін дөңгелету оңай болары анық. Яғни соның нәтижесінде олар қоғамның бір мүшесі ретінде қалыпты өмірге етене араласып кете алатын болады.
С.АДИЛОВ,
Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
Пробациялық есепте тұрғандар Психологиялық көмек 2021-02-15