ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар
17/02/2021
34 Views
Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара болып өтті. Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген шараға, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, қоғамдық ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Ауған соғысында ерлікпен қайтыс болған боздақтарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталған іс-шарада алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызына берілді. Ол ауған соғысының ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Сөз арасында ол аудан әкімі Бақыт Асановтың ардагерлердің барлық ұсыныстары мен өтініштерін орындауға дайын екенін атап өтті. Сөзінің соңында ол бір топ ардагерге аудан әкімінің атынан Алғыс хаттарын табыс еті.
Сөзге шыққан «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері» ұйымы төрғасының орынбасары Ерғали Базарбаев барлық ардагерлерді қастерлі мерекемен құттықтап, оларға табыстар тіледі. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «N2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы» қарулас жолдастары, ауған соғысының ардагері Николай Изебаевпен жүздескендерін және де ұйым тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Одан кейін сөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров пен аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаевалар да өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.
Мерекелік шараның соңында ардагерлердің құрметіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Өз тілшімізден.
Ауған соғысы Мерекелік шара 2021-02-17