БАЛАЛАР ТАҒАМЫН САТЫП АЛАРДА НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ?
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Денсаулық
19/02/2021
8 Views
Көптеген бүгінгі жас аналар өз сәбилерінің өмірін балалар тағамынсыз елестете алмайды. Бұл сүт қоспасына да немесе шырындар мен езбелердің әртүрлі қоспалары мен сұрыптарына да және сол сияқтыларға қатысты. Балалар тағамына жатқызылған барлық тағамдар мемлекеттік тіркеуге және тиісті растауға жатады, яғни Сіз балаңызға тамақ аларда сатушыдан мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті сұрай аласыз, нақтырақ айтсақ сұрауға тиіссіз. Біз тіркеуден өткен барлық балалар тағамы көп жағдайда қауіпсіз болатындығын білдік. Неге көп жағдайда осылай болатынын түсіндірейік. Әрбір баланың ағзасы ерекше болып келеді және қамқор аналарға жарнамаға немесе таныстардың кеңесіне ғана сүйенуге болмайды. Өз баласының ерекшелігін есепке ала отырып, өнімнің құрамын және оның таңбалануын мұқият оқу қажет.
Балалардың сүт қоспасы. Қазіргі нарықта алуан түрі бар, сондықтан оларды таңдау кезінде нені және кім үшін алып жатқаныңызды анық түсінген жөн. Егер сіздің балаңызда аллергия бар болса, сіз қоспаның оны туғызуы мүмкін компоненттен тұрмайтындығын мұқият оқуыңыз қажет. Кей жағдайда балалардың лактозаға аллергиясы болатыны кездеседі. Сол үшін өндірушілер таңбалануында көрсете отырып, құрамында ол жоқ қоспаларды жасады. Басқа компоненттерге де назар аударған жөн.
Консервілер. Балалар консервілерін де аса мұқият таңдау қажет. Консервіленген банкалар туралы айтар болсақ, олардың қақпағы үрленіп кетпеу керек , кәсіби тілде –бұл бомбаж деп аталады. Мұндай құбылыс кезінде қатты улану болуы мүмкін. Бұған қоса банка майысқан, зақымдалған болмауы қажет, себебі ішіне микробтар түсуі мүмкін. Әрине ешқандай пайдалы тағам туралы бұл жерде сөз болмайды. Мұндай тағам тек зиянын ғана тигізеді.
Балаларға азық-түлік таңдаған кезде тауардың жарамдылық мерзіміне де аса көңіл бөлу қажет. Тағамның жарамдылық мерзімі қаншалықты аз болса, оның құрамында консерванттар соншалықты аз болатындығы туралы да айтып өткіміз келеді.
Біз Сізге, өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз демекпіз!
Е.БОЛДАН
Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.
Балалар тағамы Сақтық шаралары 2021-02-19