Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

      Эхинококкоз  – адам     денесіндегі     құртты (паразитарлық) дерттердің ішіндегі ең қатерлі де ауыр кеселдердің қатарына жатады. Ол көптеген елдерде кең таралған және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен  Халықаралық  эпизоотика  бюросының  ерекше тізіміне алынған.
         Жылауық құрт кеселіне шалдықтыратын таспа құрт адам денесіне 3 жолмен: асқазан-ішек, тыныс жолдары және жарақат арқылы енеді. Оның жұмыртқасы сыртқы табиғат әсеріне өте төзімді және қолданыстағы дезинфекциялық дәрілер оны жоя алмайды. Эхинококкоз жұмыртқалары ауыз арқылы асқазанға түсіп, әрі қарай асқазан-ішек жолының шырышты қабаты арқылы көк тамырларға сорылып, бауыр қақпасы арқылы алдымен сүзгі бауырға келеді. Сондықтан бауырдың жылауык құрты жиі кездеседі. Егер бауыр сүзгісінен өтіп кетсе, екінші сүзгі –  өкпеге барып тоқтайды. Жылауық құрт тәнде орташа есеппен 10-20 жыл өмір сүреді.
Клиникасы.
Сырқаттың ауыр жеңіл өтуі кеселге душар болған адам организм мүшелері мен ұлпаларының зақымдануына байланысты болады. Сырқат белгілері біртіндеп білінеді. Бірнеше жылға созылады. Науқастың зақымдалған мүшесі үлкейіп, бауырында ауырлық байқалып, оң жақ қабырға асты ауырады. Егер өкпесі зақымдалса, науқастың кеудесі ауырлығымен мазалап, ентігіп, қан қақырып, жөтеледі. Эхинококк қуығы өте шабан өсетіндігі салдарынан сырқат белгілері біртіндеп білінеді, бірнеше жылға созылады.
Алдын алу шаралары.
        Жеке бас тазалығы. Әлеуметтік гигиенаның тазалығын дұрыс сақтау. Тамақ ішер алдында қоллды сабындап жуып, кеселге кезіккен ит және т.б жануарлармен аса сақтықпен жанасқан дұрыс. Итті үйге кіргізбеу, азық-түлік тұрған жерді иіскетпеу, балаларды итпен ойнауына жол бермеу керек. Жеміс-жидектерді қайнаған сумен жуған жөн. Ит ұстайтын мекеме ұйымдарда әр тоқсан сайын құртқа қарсы егу, иттерді тіркеуден өткізу керек. Қаңғыбас иттердің көзін жою. Малды сойған кезде эхинококк жұқтырған бауыр, өкпені жағу қажет.
Емдеу.
        Эхинококкоз адам үшін өте қауіпті, оны әзірге тек ота жасау жолымен ғана емдеп келеді.
А.ЕРЖИГИТОВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ
жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...