ПРОБАЦИЯ ПРИНЦИПІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
24/02/2021
21 Views
Пробация ауыр емес ауырлығы орташа және алғаш рет қылмыс жасаған адамды қоғамнан оқшауламай, заң талаптарына сай пробациялық бақылау тағайындап, белгілі бір уақытқа сынақ мерзімін белгілеп, оған түзелу жолына түсуге мүмкіндік беріп, шартты түрде соттау деген сөз.
Қылмыстық атқару жүйесіндегі пробация – сынақ мерзімі мен пробациялық бақылауда болған кезеңде әрбір шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзеу үшін пробация қызметі оларға қатысты жеке әзірлейтін және іске асыратын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені. Арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес пробация қызметкерлері жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, шартты түрде сотталған адамға жан-жақты көмек бере отырып, оны қылмыскер санатынан шығарып, болашақ заңды құрметтейтін азамат ретінде қалыптастыруы қажет.
Елімізде қылмыстық атқару инспекциясы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап пробация қызметі ретінде қайта құрылғаны белгілі. Бұл қызметтің қылмыстық атқару инспекциясынан басты ерекшілігі – шартты түрде сотталғандар мен бақылаудан бөлек бас бостандығынан айрылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге ықпал ету болып табылады.
Б.ОРАЗБЕКОВ,
Жетісай АПҚБ-нің инспекторы, әділет капитаны.
Қылмыстық-атқару жүйесі Пробация 2021-02-24