СОТҚА ДЕЙІНГІ ПРОБАЦИЯ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
24/02/2021
40 Views
Сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы, Сотқа дейінгі пробация күдіктілермен айыпталушылардың белгілі бір санатына қатысты оларды сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізу кезеңінде ерікті негізінде жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі пробация күдіктілерге, айыпталушыларға 1) кәмелетке толмағандарға; 2) мүгедектерге; 3) елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге; жүкті әйелдерге; үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге 4) алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге; үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтiн ерлерге қатысты ерікті негізде қолданылады.
Түркістан облысы, Жетісай аудандық пробация қызметінде 2020 жылы сотқа дейінгі пробацияны кәмелет жасқа толмаған 4 күдіктіге көрсетті. Мысалы ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлімі 3 тармағымен ұрлық жасағаны үшін 2004 ж.т күдіктіге қатысты. Оның өтініші қабылдағаннан кейін Түркістан облысы, Жетісай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері күдіктінің өмір сүру жағдайын, психологиялық жай күйін, мемлекет тарапынан медициналық және адвокаттық көмек көрсетіліп жеке басын және өзге де ерекшеліктері толық зерделеніп, күдікті пен жәбірленушімен өзара ымыраға келіп татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық ПҚ бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты.
Сотқа дейінгі пробация Түсіндірме 2021-02-24