ЕЛІМІЗДЕ ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРҒА ЖОЛ ЖОҚ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
26/02/2021
54 Views
Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен заңнамаларымыздың талаптарына қайшы іс-әрекет жасаған, ел азаматтарының ар-ождан бостандығы мен діни сеніміне нұқсан келтіріп, өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, отбасының бұзылуына себепкер болған, және тағы басқа да заңға қайшы іс-әрекеттер жасағаны анықталған теріс пиғылды діни ағымдардың ел аумағындағы қызметіне сот шешімімен тыйым салынады. Оның өзіндік себептері де бар.
Оның ішінде әрине ең бастысы – дәстүрлі дін атын жамылып, жеке басының арам мақсаттарын көздей отырып, Ислам дініне сенушілерді дәстүрлі құндылықтардан ажыратуды мақсат еткен теріс пиғылды жат ағымдар жүргізген идеологиялық шабуылдар. бірі – қазақ ұлтын христиандықпен ежелден етене байланысқан ел секілді көрсетіп, мәсіхшілікті ата діннен айырғысыз етіп дәріптеу, Тәурат пен Інжілдегі Құранмен сәйкестіктерді өз мақсаттарына пайдаланып, Исламды христиандық конфессиялардың берісі – көшірмесі, арысы бұрмаланған нұсқасы ретінде танытуға тырысу әрекеттеріне бағытталуда.
Дәстүрлі дініміздің атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекетінің салдарынан бүгінде дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйзеліске ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Осы типтегі ағымдар діни бірлестік ретінде тіркелмей идеологиялық тәсілдерді пайдаланатындықтан, оларға қарсы күрестің негізгі жолы да идеологиялық ағарту шаралары болып отыр.
Яғни оң мен солын танымаған жастарды сондай теріс ағымдардан сақтандыру бағытында, орта және жоғары білім беру орындарында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуіміз қажет. Ал, егер байқаусызда жат діни ағымға еріп кеткендер болса, оларды тура жолға салу үшін кәсіби теолог мамандардың көмегін пайдалануымыз керек. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Барлық уақытта ел ертеңі жастар екенін, ал сол жастардың адаспаулары үшін қоғам болып жұмылуымыз керектігін естен шығармауға тиіспіз.
Қанат ӘБДІРАХМАНОВ,
Аязхан Қалыбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Жастарды сақтандыру қажет Жат діни ағымдар Сайыпқыран.кз 2021-02-26