ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ЖҰМЫСЫМЫЗДЫҢ АРҚАУЫ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
01/03/2021
8 Views
Шартты түрде соттаудың тиімділігі сынақ мерзімін тағайындап түзеуге мүмкіндік береді. Себебі, сотталған азаматтардың ішінде бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың саны басым екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, қылмыс жасаған сотталушыларды апарып бас бостандығынан айыра бергеннен ол түзеліп кетуі екіталай. Демек тиімділігіне келетін болсақ экономикалық жағынан да шартты түрде соттау мемлекетке тиімді болып табылады. Тағы бір атап өтетін жағдай, шартты түрде соттау басқа жаза түрлеріне қарағанда үнемді шара түрі болып табылады.
Пробация қызметі сотталушының жазаны қалыпты өтуін тек бақылап қана отырады. Шартты түрде соттаудың ең негізгі тиімділігі сотталған тұлға ортамен әлеуметтік оң байланысын үзбейді. Яғни, шартты түрде сотталған және бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған тұлға бұрынғы жұмысын жалғастыра береді, жазасын өтеу барысында жанұясымен байланысын үзбейді. Егер оған бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған жағдайда ол жанұясынан бөлінеді, оның балалары әкесіз өседі, бұл жерде әке (немесе ана) мен баланың арасындағы қарым-қатынас үзіледі. Бұл екі жаққа да өзінің кері әсерін тигізері сөзсіз.
Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімі бас бостандығынан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу, дұрыс өмір бағытын таңдап салауатты жолына түсуіне ықпал жасауда атқарар міндеттері ерекше.
А.БАКИРОВ,
Түркістан облысы бойынша ҚАЖД,
Жетісай аудандық пробация қызметі
бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны.
Пробация Шартты түрде сотталғандар 2021-03-01