Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТІҢ «ДАРЫНДЫЛАР ПУЛЫНА» ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТІҢ «ДАРЫНДЫЛАР ПУЛЫНА» ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТІҢ «ДАРЫНДЫЛАР ПУЛЫНА» ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

       Кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде жеке деректерді толтырып, өңірді, жұмыс істейтін/жұмыс істеген ұйымның атауын, лауазымды және қызмет бағытын көрсету қажет.
      Сонымен қатар, тіркеу барысында білімі, жұмыс өтілі, байланыс телефоны және электрондық пошта туралы мәлімет толтырылады. Сондай-ақ үміткер жеке куәлігінің, дипломының, сертификаттарының және ұсыным хаттарының (кемінде үш) көшірмелерін тіркеуі керек. Тіркеу рәсімінен кейін көрсетілген поштаға растау-хат жіберіледі, хата көрсетілген сілтеме бойынша өткен соң, үміткер пайдаланушы келісіміне ЭЦҚ-кілтпен қол қоюышарт.
«Онлайн өтініш беру платформасы түсінікті әрі ыңғайлы. Жобаға тіркелген тұлғалар жеке кабинетінде ақпаратты толықтырып, іріктеудің кезеңдері мен нәтижелерін көре алады. Бұл кандидаттарды іріктеу процесінің толық ашықтығын дәлелдейді. Өтінімдерді қабылдау 10 наурызға дейін жалғасады», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Қожықов.
     Үміткерлер 3 кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Тестілеу кезеңдерін сәтті тапсырғандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелерінен тұратын сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді.
     Қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алынады.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 
баспасөз қызметі
8-7172-95-51-54 /ішкі 109/

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...