АНАЛАР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
10/03/2021
13 Views
8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне орай А.Қалыбеков ауылдық округінде ауыл ақсақалдары мен ауыл билерінің қолдауымен салтанатты мерекелік шара болып өтті. Осы салтанатты шараға ауыл әкімінің орынбасары Қанат Әбдрахманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Каримов, округтің бас маманы Бақытжан Ештаевтар арнайы қатысты. Жиынға қатысушылар аналар мен қыз-келіншектерге деген өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
Осы мерекелік іс-шара кезінде ардагер аналарға арнап, мен және ауылымыздың ақсақалдары – Қырқымбай Өтепов, Боранбай Тағабаев, Қалдыбек Көзбаевтар өзіміздің ізгі тілектерімізді жеткізіп, оларды төл мерекелерімен құттықтадық.
Салтанатты шарада, ізгі тілектер айтылып болған соң кезек ән мен биге берілді. Әкімшілікте жұмыс істейтін хатшы қыздар – Замира Әмірхан «Ана», «Жеңіс сен бақыттысың», Үміт Жантөре «Ана, Әке» әндерін құйқылжыта шырқап, жиналғандардың ризашылығына бөленді. Олармен бірге, ардагер аналарымыз – Әлима Тәжібаева «Ана туралы жыр», Қызжан Қаландарова «Анама» әндерін орындап көпшілікті өз өнерлерімен тәнті етті.
Осылайша аналар мен қыз-келіншктерге арналған салтанатты шарамыз қызықты өтіп, оның соңы мерекелік дастарханға ұласты.
Тағабай БИБОСЫНОВ,
еңбек ардагері, А.Қалыбеков ауылдық округі, Мақтаарал ауданы.
2021-03-10