ӨРТ – ҚАУІПТІ ЖАУ
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
10/03/2021
40 Views
Бұл танымды ашық сабақтың мақсаты – балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын, өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану бойынша кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу болса, әдіс-тәсілі ретінде – Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау қолданылды. Сондай-ақ, көрнекіліктер ретінде – АКТ, суреттер, тұрмыстық техниканың макеттері пайдаланылды.
Сабақтың барысында бүлдіршіндерге өрттің зияны танымдық ойындар арқылы түсіндірілді, сондай-ақ, көрнекі құралдардың көмегімен оған мысалдар келтірілді. Балаларға сабақтың мақсаты түсінікті болу үшін шағын сахналандырылған қойылым көрсетіліп, ертегі кейіпкері қоян оларға өрттің зиянын түсіндіруші көмекші болды.
Осы сабақтың арқасында балалар – өрт болғанда өзін қалай ұстауды үйренді. Өртпен ойнамауды, өрт шығаратын заттарды үлкендердің рұқсатынсыз ұстамауды түсінді. Тілсіз жаудың алдын алып, қауіп төнгенде не істеу керектігін игерді. Сонымен бірге олар – қойылған сұраққа нақты жауап беруді, ойынды қызыға ойнауды, әдіс-тәсілдерді қызығушылықпен орындауды меңгерді. Соның нәтижесінде олар қауіпсіздік техникасын жақсы меңгеріп шықты дей аламыз.
Венера АТАБЕКОВА,
«Үлгілі» балабақшасының тәрбиешісі. Мақтаарал ауданы.
2021-03-10