Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨҢІР ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ӨҢІР ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ӨҢІР ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

       2020 жыл әлемдік туризам үшін «қаралы кезең» болды десек, артық айтқандық емес. Бүкіләлемдік пандемияның кесірінен туризм саласы милииардтаған доллар шығын шекті. Өкінішке орай, біздің елімізде де туризм саласы біраз шығынға батты. Бірақ сарапшылар, 2021 жылы әлемдік экономика біртіндеп қалпына келетінін айтуда. Демек,  туризм саласы да біртіндеп аяғына тұрады деген сөз.
       Тәуелсіздік алған жылдар ішінде  Қазақстандағы туризм саласының дамуы жан-жақты қарқынды жүргізіліп келеді. Егемен ел атанған 30 жылдың ішінде маңызды салалардың ішінде әсіресе мәдени және тарихи туризмнің орны бөлек болып тұр. Оның өзіндік себептері де бар. Мысалы, әлемдік туристік мекемелердің 2018 жылғы есептері бойынша, Қазақстанға жылына орта есеппен 4 млн. 560 мың шетелдік саяхатшы келеді екен. Солардың арқасында еліміздің ЖІӨ-нің 5,3%-ы осы туризм саласынан түскен қаржының құрайтыны анықталды. Бұл оң көрсеткішті «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі дамытудың» мемлекеттік бағдарламасында 8% дейінгі нәтижеге жеткізу жоспарланып отыр.
        Елімізде тарихи туристік нысандар негізінен біздің облысымыздың аумағында орналасқандықтан (мысалы тек ғана Түркістан қаласының маңындағы археологиялық ескерткіштердің саны 99-ға жетіп отыр) КСРО кезінде және Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де мәдени және этнотуризм бізде жақсы дамыды деп толық сеніммен айта аламыз. Бұл біздің өңірде көне көшпелі өркениет пен Жібек Жолы бойындағы қалалық мәдениеттің сақталуының нәтижесінде болып отырған жай. Осы тарихи байлығымызды тиімді пайдаланып, бұл салаға шетелдік және отандық туристерді көптеп тарту үшін қомақты жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, 2017 жылы Қазақстан аумағындағы барлық қасиетті жерлер мен ескерткіштерді зерттеуге, сондай-ақ, еліміздің мәдени туризм нысандарын анықтап алуға арналған «Қасиетті Қазақстан» жобасы қолға алынып, сондай орындардың толық картасы жасалды. Қуантарлығы, сол зерттеу жұмыстарының арқасында біздің өңір – Қазақстандағы мәдени және архитектуралық ескерткіштердің көп сақталған ортасы екенін нақты дәлелденді. Сондай-ақ, аймағымыздағы көне қалалардың мәдени қабатының тереңде екендігі де анықталды. Яғни, келешекте әлі де көптеген жаңа тарихи нысандар ашылады деген сөз.
          Түркістан қаласының көне мәдениетінің соңғы кезеңдері әрине, «Қазақ хандығы дәуірімен» тікелей байланысты. Бұл нысандарда қазақ хандары мен билерінің пантеоны қалыптасқан (өз кезегінде қазақ халқы Түркістанға зиярат етуді «кіші қажылыққа» теңеген). Қаладағы бұл нысандар археологиялық және этнографиялық кең көлемдегі кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
         Қуантарлығы, біздің облысымызда қазіргі уақытта мәдени және экологиялық туризмді дамытуға бейімделген мемлекет қорғауындағы көптеген нысандар баршылық. Мысалы, облысымызда 1926 жылы ашылған «Ақсу-Жабағалы табиғи қорығы», Қазақстандағы ең көне және алғашқы табиғи қорық болып саналады. Қорықтың көлемі бүгінде 131 мың 934 гектарды құрайды. Сонымен бірге, мақтаныштарымыздың қатарына көлемі 150 мың гектарды құрайтын «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі» де кіреді. Отандастарымыз бен шет мемлекеттерге жақсы танымал көне Отырар және Сауран қалалары мен «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи», «Домалақ Ана» кесенелері және басқа ескерткіштер қазіргі күннің өзінде тарихи туризмнің негізгі нысандары болып табылады. Бұдан бөлек, 2018 жылы жүргізілген зерттеулер облысымыздың аумағында әр түрлі бағыттағы 27 мұражайдың барын анықтап берді. Осы жерде айта кетерлігі, республикамыз бойынша басқа жақтарға қарағанда, біздің облыстың мұражайларына көп адам келетіні анықталып отыр. Бұл әрине үлкен мақтаныш. Сол 2018 жылдың өзінде ғана облысымыздың мұражайларына 2 миллионға жуық адам келген екен.
         Түркістан қаласындағы тарихи және мәдени бағыттағы ескерткіштер 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жібек жолы тарихи орталықтарының өрлеуі, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларының дамуын сақтау және иелену» мемлекеттік бағдарламасына енген болса, 2016 жылы «Көне Түркістан» жобасы аясында қаланың бас жоспары мен даму бағыттары қарастырылған болатын. Облыс орталығы Шымкенттен, Түркістан қаласына ауысқаннан кейін бұл инвестициялық жоба қайтадан қарастырылып, жаңа жоспарлар енгізілді. Мысалы, 2019-2021 жылдарға арналған инвестициялық жобаға облыстық бюджеттен 2019 жылға жобалау сметалық жұмыстарға 433 млн. теңге, 2020 жылға құрылыс объектілеріне 3 млрд. теңге, 2021 жылғы құрылыстарға 6,9 млрд. теңге қарастырылды. Бұл қаржының басым бөлігі облыстың көркеюі мен туризмнің дамуына бағытталып отыр. Осы жоспар бойынша Түркістан қаласының өзінде 10 астам ірі мәдени кешендердің құрылысы жоспарланды. Оның ішінде – Түркістан қаласының бейнелеу өнері мұражайы, «Ұлы дала елі» орталығы, Опера және балет театры, «Түркі әлемі орталығы», «Күлтөбе» аспан астындағы мұражайы, қалалық амфитеатр, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының ішіндегі мәдени-демалыс нысандары, Түркістан облысы тарихи-өлкетану музейінің құрылысы бар. Бұл құрылыс объектілерінің дені мәдени туризмді дамытуға бағытталып отыр. Енді әрине әлемдік пандемия бұл жоспарларға күрделі өзгерістер енгізгені белгілі. Бірақ, бір қуантарлығы осы жобаның негізгі бөлігінің өзгеріске түспейтіні анық.
           «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасындағы» алдыңғы ондыққа енген туристік нысандарға біздің облыс жылына 1,5 млн. шетелдік және отандық саяхатшыны тартуы қажет. Ал, осы бағдарламада Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қатысты арнайы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластері қарастырылып отыр. Бұл кластер Қызылорда облысының орталық және шығыс бөлігін, біздің облыстың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Алдағы уақытта «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластері кезең-кезеңмен кеңейтіліп, ол «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Бұл Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі бойындағы елді мекендердегі туристік саланы да дамытатын болады деп күтілуде. Ал, ол сондай-ақ, өз кезегінде Түркістан қаласы экономикасының туристік-сервистік бағытын дамыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады.
          Облыс орталығы Түркістан қаласының мәдени туризм саласында өңірімізде жетекші орынға шығуы, ондағы іргелес мәдени ошақтардың «Отырар оазисіне» тиістілігімен сипатталып отыр. Сонымен бірге, алдағы уақытта облысымызда туризмді дамыту үшін көршілес елдермен бірлесе отырып, жаңадан туристтік бағыттар ашудың кешенді жоспарлары да түзілетін болады.
Жомарт ҮМІТБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...