Қызылша тыныс жолдарының шырышты қабатының қабынуымен, улану белгілерімен, дене қызуының көтерілуі, конъюнктивит, катаральді белгілерімен сипатталады. Қызылшаның міндетті түрдегі белгісінің бірі – дақты-папулезді бөртпелер. Ол аурудың 3-4 күні шығады. Аурудың клиникалық белгілері науқас адаммен қарым-қатынаста болған күннен бастап 7-13 күн аралығында көрініс бере бастайды. Бұл кезеңді инкубациялық, яғни жасырын кезең деп атайды. Одан кейін аурудың белгілері айқын білінеді. Ол үш кезеңнен тұрады: бастапқы кезеңі (продромальді) 3-5 күн, бөртпе шығу – 3 күн, дақтану – 2 аптаға дейін созылады.
Аурудың бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрнынан су ағады. Сонымен қатар конъюнктивит, қатты жөтел, круп синдромы дамуы мүмкін. Ұрттың шырышты қабатында қызыл жиекпен қоршалған ұсақ ақ дақтар шығады (Бельский – Филатов – Коплик дақтары), ал таңдайында энантемалар пайда болады. Кішкентай балаларда іштің өтуі мүмкін. Ересек балаларда құсу, мұрыннан қан кету және іштің ауруы мүмкін.
Ал, бөрпе шығу кезеңінде дене қызуы қайтадан жоғарғы сандарға дейін көтеріледі. Бөрпе тері жабындысының өзгермеген бетіне шығып, өте көп болады немесе кейде, керісінше, аз мөлшерде әр жерде орналасуы мүмкін. Бөртпелер кезек-кезек: 1-күні бетіне, мойнына, 2-күні – денесіне, 3-күні аяқ қолдарына шығады. Бөрпелердің кезек бойынша шығуы – қызылшаның маңызды диагностикалық көрінісі болып табылады. 3-4 күннен бастап бөрпелер қоңырланады, сонан соң дақтар қалады, дене қызуы басталады. Дақтар 1-1,5 апта бойы сақталады.
Кейбір егу жүргізілген балаларда бөрпелер аз шығып, ауру жеңіл түрде өтеді және жылдам жазылады. Егу жүргізілмеген адамдарда қызылша ауыр өтеді, егер олар уақытында емделмесе асқынулар дамуы мүмкін.
Науқасқа толық толық тыныштық жағдай жасау керек. Науқаста жеке бөлмеде жатқызу керек, ал бөлменің іші аса жарық болмағаны дұрыс. Көп мөлшерде құрамында С дәрумені бар жылы сұйықтықтарды беру. Дене қызуы 380С-дан жоғары болса ыстықты түсіретін парацетамол, аспирин сияқты дәрілерді беру керек. Кішкентай балаларға сироп, суспензия түріндегі ыстық басатын дәрілер берген дұрыс, себебі түймедақтар балаларды құстыруы мүмкін. Тамағын фурацилин, ас содасы ертіндісімен шайған жөн. Егер құрғақ мазасыз жөтел болса, жөтелге қарсы либексин, бромгексин, бронхолитин сияқты дәрілерді беру керек.
Егер науқастарда асқыну болмаса, онда арнайы ем жүргізудің қажеті жоқ. Дене қызуы қайта көтерілген науқаста отит, пневмония, ларинготрахеит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.
Есіңізде сақтаңыз!
-
Қызылшамен ауырған баланың бөртпесін бриллиант көгін, калий перменганаты ерітіндісін жағудың егер қышыну белгілері болмаса, аллергияға қарсы антигистаминді дәрілерді берудің қажеті жоқ;
-
Жұқпалы ауруды таратпау үшін дене қызуы көтеріліп, катаральды белгілер басталған баланы емханаға алып бармай, дәрігерді үйге шақырған жөн;
-
Қызылшаның ауыр түрі мен асқынулары дамыған науқастарды, әсіресе ол кішкентай балаларда болса, міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек.