ӘЛЕМДЕ АШ АДАМДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
14/03/2021
13 Views
БҰҰ әлем қауымдастығын Йеменнің 16 миллион тұрғынына шұғыл түрде гуманитарлық көмек көрсету үшін 3,85 миллард АҚШ долларын бөлдіруге шақырды. Тиісті мәлімдеме Швеция мен Швейцария үкіметтерімен бірлесе жасалған қаржы жинауға арналған конференция кезінде жасалған.
Егер де, әлем бойынша 2020 жылы 88 миллион адам аштық дәрежесінде күн көрсе, ал 2021 жылы олардың саны одан әрі көбейетіні болжанып отыр. Жағдай әсіресе Сахелде, Африканың кедей елдері, Оңтүстік Йемен мен Ауғанстанда күрделі болып тұр. Өкініштісі, бір елдерде адамдар жеуге тамақ таппай қиналып отырса, жыл сайын әлемде өндірілген азық-түлік өнімдерінің үштен бірі түрлі себеппен қоқысқа тасталады екен…
Өткен жылы БҰҰ-ның жанындағы бүкілдүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының аясында әлем бойынша 114 миллион азаматқа қайырымдылық көмек көрсетіліп, оларды аштық апатынан құтқарып қалған. Биылғы жылы болса, сондай көмекке мұқтаж азаматтардың саны ьтағы да 20 пайызға артады деген болжам бар.
Сарапшылар бір ауыздан бұл өзекті мәселелердің тек қайырымдылық көмекпен ғана шешілмейтінін айтуда. Түрлі соғыстар мен табиғи апаттар, ауыз су мен ағын су көздерінің жыл өткен сайын азая бастауы, ғаламдық жылынудың салдарынан егістік жерлердің азаюы, цифрлық технологиялардың арқасында жұмыс орындарының қысқаруы тұрмыс жағдайы төмен адамдардың санын одан әрі арттыра беретін болады. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін БҰҰ көлемінде кең көлемді бағдарламалар жүзеге асуы керектігі анық.
Гүлмира ЖҰМАТАЕВА,
Алматы қаласы.
Аштық Әлем елдері БҰҰ БҰҰ-ның көмегі 2021-03-14