Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МАҚТААРАЛДА КӨРІСУ КҮНІ АЛҒАШ РЕТ АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МАҚТААРАЛДА КӨРІСУ КҮНІ АЛҒАШ РЕТ АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА КӨРІСУ КҮНІ АЛҒАШ РЕТ АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

        14 наурыз – қазақтың ежелден келе жатқан ата салты Көрісу күні.  Биыл көрісу күні Мақтаарал ауданында алғаш рет аудандық деңгейде аталып өтті.

 

      Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова бастаған ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Агенов және аудандық қоғамдық ұйымдардың басшылары Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген жаңа шағын ауданда болып, осында жаңадан қоныстанған жасы үлкен қариялардың шаңырақтарына көрісуге барды.

        «Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін 10 күндік іс-шара жоспарын құрған болатынбыз. Жоспарға сәйкес, бүгін бұрын соңды тойланбаған көрісу мерекесін аудандық деңгейде атап өтуді жөн көрдік. Себебі, бұл күні тұрғындар таңертеңнен бастап бір-біріне қонаққа барып, қол алысып, төс қағыстырып амандасады. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмытылады. Сондықтан, бұл мерекенің идеологиялық маңызы зор» – деді Алтын Күнтуқызы.
      Жалпы көрісу күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанысады. Әрбір үй таңертеңнен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жайылады. Көршілер бір-біріне қонаққа барады. Ауылдың  жастары мен жасы кішілері үйдің үлкендеріне көрісіп шығуға міндетті.
       Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне байланысты Мақтаарал ауданында 10 күндік іс-шара жоспары түзілген. Мәселен, 15 наурыз күні «Табиғат күні» деп аталып, ауданда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, көшеттер егілетін болады.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...