Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШАРУАЛАРҒА ТИІМДІ БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ШАРУАЛАРҒА ТИІМДІ БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШАРУАЛАРҒА ТИІМДІ БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

     Республикамыздың басқа өңірлерімен салыстырғанда бірнеше ай ерте басталатын өзіндік ерекшелігі бар, ауданымызда 2021 жылға егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамдық егіс көлемі 843,4 мың гектарды құраса, сол егістік алқаптарда 30 мыңға жуық ауылшаруашылық тауар өндірушелері еңбек етеді деп күтілуде.
      Жуырда «Ауыл шаруашылығын қажылай қолдау қоры» АҚ-ның басшысы Мұхит Жуасбай мырза бастаған жұмысшы тобы, «Мақтаарал» мәдениет үйінде диқан-шаруаларымен кездесіп, ауданымыздағы өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған және 2021 жылғы несие бағдарламаларды таныстырып, шаруалардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
      «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шаруаларға ұсынып отырған несие бағдарламаларына тоқталсақ. Олар:
     Өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған несиелік бағдарлама;
    Мал шаруашылығын дамытуға несие беру бағдарламасы;
      Ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға және өңдеуге арналған несиелік бағдарлама;
      Кәсіпкерлік қызметті дамытуға несие беру бағдарламасы.
     Жиын барысында өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған несиелік бағдарлама бойынша шаруалар өздерінің келіспейтін жағдайлары мен сұрақтарын қонақтардың алдында қойып, тұщымды жауаптарды алды.
      Бізде өз тарапымыздан Мақтаарал ауданының шаруаларына тиімсіз шарттарды қайта пысықтауды ұсынып, шаруалардың мәселесінің оң шешімін табуына көмектестік. Алдағы уақытта көктемгі егістік жұмыстары үшін әрбір кәсіпкердің есеп-шотына қаржысы аударылып, шаруалар сол қаржыны мақсатты жұмсағаны туралы дәлел құжаттарын тапсыратын болды. Әрине, қолма-қолсыз ақша айналымына көшу өте орынды, бірақ бұл жоба жан-жақты толықтырылып, қайта қаралу керек деп санаймыз. Ауданымызда мұндай қаржылық айналымға дайын емес көптеген түйткілді жайлар бар. Соларды ескере отырып, біз көктемгі дала егістігі жұмыстарына несие алу шарттарын қайта қарауды ұсындық.
      Бүгінгі таңда біздің облысымыздың оңтүстігінде орналасқан 5 ауданда табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты (атап айтқанда Мақтарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандары) көктемгі дала жұмыстары қарқын алуда. Қаңтар айының 25-нен бастап, ерте пісетін қырыққабат дақылы егіліп, наурыз айынан бастап сол дақылдан 200 мың тоннаға жуық өнім алу күтілуде Осылайша, біз жақта көктемгі дала жұмыстары ерте басталғанмен де, өкінішке орай қаржы институттары тарапынан шаруаларды несиелендіру жұмыстары, жылда тек наурыз, мамыр айларынан басталады. Яғни, шаруалар аса қажет қаржыны уақтылы ала алмағандықтан егіс жұмыстары үшін қаңтар-ақпан айларында жоғары пайыздармен (жылдық 20-50%) екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан тұтынушылық несиелер алуға мәжбүр болады.
     Алдағы уақытта, осы жүйелік проблемалар өз шешімін табуы үшін, өз тарапымыздан ұсыныстарымызды айттық. Алдағы уақытта осы мәселелердің өз шешімін табатынына сенімдіміз.
Нұргүл АБДРАЗАКОВА,
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалының директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...