ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
18/03/2021
6 Views
Елімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы 14-23 наурыз күндері аралығында 10 күн тойланбақ. Соның төртіншісі, яғни, 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» деп аталды. Соған байланысты Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Өткенге тағзым – болашаққа тағылым» атты аудандық семинар-кеңес С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті.
Семинардың ашылу салтанатында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Асанхан Қошкаров сөз сөйлеп, іс-шараның өскелең ұрпаққа берер рухани құндылығының мол екенін атап өткен іс-шара «Өткен күн тарих» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеден бастау алды. Мектеп фойесінде ұйымдастырылған көрме тарихи тұлғаларымыздың өмірінен сыр шертті. Сосын ол «Тарихқа тағзым» атты әдеби композициялық кеште оқушылардың сахналық қойылыммен жалғасын тапты.
Қойылымда сонау сақ дәуірінен бастап түркі қағанаттарындағы батырлар бейнесі, Қазақ хандығының тұсындағы қиындықтар мен жеңістер, орыстың отарлауы, алаш орданың құрылуы мен желтоқсан оқиғасы, сондай-ақ бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі – ерекше форматпен көрсетілді.
Іс-шараның қорытындысы «Туған жерге тағзым» атты тақырыппен жалғасын тауып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тарихымыз дәріптеліп, «Қазақ» деген ұлттың қалыптасуы туралы баяндалды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2021-03-18