ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ МАҚТААРАЛҒА КЕЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in Билік
20/03/2021
11 Views
Тәжікстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулла Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Бақыт Асановпен кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі Б.Асанов Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы елшіге таныстырып, ауданда басқа диаспоралардың мәдениетін дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, былтыр Мақтаарал ауданында орын алған Төтенше жағдайда тәжіктер қоныстанған Фердауси ауылын да су алғанын, апаттың салдарын жоюда бәріне теңдей көмек көрсетілгенін айтты.
«Мақтаарал ауданында 133 мыңнан аса тұрғын бар. Тәжік, өзбек, орыс, кәріс, әзірбайжан сияқты т.б. ұлт өкілдері тұратын көпұлтты ауданбыз. Барлық ұлттар бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешуде. Ол үшін 6 ұлттың этно-мәдени орталықтары белсенді жұмыс жүргізуде» – деді Бақыт Насырханұлы.
Өз кезегінде елші Мақтаарал ауданы Тәжікстанмен агросектор саласында ынтымақтастықта жұмыс жүргізе алатынын, тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен бөлісіп тұруға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, туризм, кәсіпкерлік, мәдениет саласында байланысты арттырып, жұмыстарды жандандыру жөнінде екі тарап келісті. Елші тәжік үлгісіндегі шәйханалар мен ресторандарды аудан орталығы Мырзакент кентінен ашу үшін арнайы жобаларды ұсынды.
Кездесу соңында аудан әкімі Бақыт Насырханұлы елшіге Мақтаарал ауданының 90 жылдығына арнап шығарылған «Күн сүйген өлке» атты кітапты табыстаса, елші әкімге «Тәжіктер тарих айнасында» атты кітапты ұсынды. Сонымен қатар, Ибодзода Хайрулла Мақтаарал ауданындағы тәжік этно-мәдени орталығына бірнеше ұлттық музыкалық аспаптары мен ұлттық киімдерін сыйға тартты.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәжікстан елшісі Мақтааралда 2021-03-20