ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет
26/03/2021
20 Views
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бұл тұғыры биік ұғымды біз 1986 жылдың 16-желтоқсанында алған едік. Тәуелсіздікке жету жолында талай қазақтың қаракөз қыздары мен жігіттері құрбан болды. Сол жолда ерен ерлігімен қаза тапқан әпке-ағаларымызды құрметпен еске аламыз. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 16-желтоқсанды Тәуелсіздік күні деп бекіткен еді. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Міне,қазір біз ешкімге тәуелсіз,бейбіт елде өмір сүреміз. Бүгінгі күнде Отанымыз -Қазақстан күннен-күнге дамып, әлемге сан қырынан танылып келеді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.Биыл 16-желтоқсан тұғыры биік тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойламақ. Кішкене сәбидей қаз басып өсіп келе жатқан елімізді көріп мақтан тұтамыз. Осындай тұғыры биік елде туылғаныма, осы елде білім алып, өсіп-өніп келе жатқанымды мақтан тұтамын.
Қазақстан – ұлан-байтақ жері бар тәуелсіз мемлекет.Өзіміздің желбіреген көк туымыз,айбынды асқақ елтаңбамыз және әуезді әнұранымыз бар.Қазақстанда 130 мыңнан аса сан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Елімізде барлық сала бойынша жаһандану заманында жаңа форматқа көшуде. Елбасымыздың бастамасымен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру көзделіп отыр.Ол үшін біршама тапсырмалар беріліп,міндеттер қойылды. Соның ішінде білім саласына аса назар аударылды.Өйткені еліміздің болашағы білімді жастар қолында. Біздің міндетіміз тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне бір үлесімізді тигізу. Сол себепті де біз жан-жақты білім алып, ұстаздан алған тәлім-тәрбиемізді одан ары шыңдай түсіп,алға қойған мақсатымызға жетуіміз қажет деп санаймын.
Қорыта келе, айтқым келгені осындай тұғыры биік Тәуелсіз елде өмір сүру мен үшін үлкен бақыт.Сондықтан өз елімнің тұғыры әрқашанда биік тұруына менің де ат салысқым келеді.Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтары көбейе берсін.
С.АЙНАМКУЛОВ,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі.
2021-03-26