Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗЕТІН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗЕТІН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗЕТІН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

          Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейдтік іс-шарасы өтті.
          Балалардың құқықтарын бұзу, түнгі мезгілде балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, балалардың еңбегін пайдалануды анықтау және алдын алу – шараның негізгі мақсаты.
            Рейд барысында алкогольдік сусындар, наркотикалық заттар, психотроптық және өзге де қатты әсер етуші заттарды тұтынатын, компьютерлік клубтарда, ұтыс беруді көздейтін құмар ойынханаларда беймезгіл жүрген  кәмелетке толмағандарды анықтау және алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
          «Түнделетіп көше кезіп жүр­гендердің ата-анасына алдымен ескерту жасалады. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ата-анасы ауылдық жерде немесе басқа қалада болса, кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырмай, сенімхат арқылы үлкендерге тапсырып кетуі керек. Сенімхаты жоқ туысқандар бала үшін жауап беруге дәр­менсіз. Жалпы осы уақытқа дейін өткізіліп келген рейдтерде көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне салғырттық танытқанын байқадым. Кәмелеттік жасқа толмай жатып түнгі мезгілде көше кезіп, қаңғыбастылыққа салынған баласы үшін ең алдымен ата-анасы жауапты болатынын ұмытпаңыздар» – деді комиссия хатшысы Мұрат Күнтуұлы.
            Айта кетейік, рейд жұмыстарының қорытындысы бойынша 5 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 115 ата-анаға ескерту берілді. Мақтаарал ауданының полиция бөліміне кәмелеттік жасқа толмаған 62 жасөспірім жеткізілген.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...